ANTIKOR БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ КҮШЕЙТУГЕ ШАҚЫРДЫ

ANTIKOR БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ КҮШЕЙТУГЕ ШАҚЫРДЫ

          ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті және өңірлік білім басқармасы, сондай-ақ аудандық және қалалық бейінді бөлімдер басшылығының қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау бойынша кездесу өтті.

          Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілерге Көкшетау қаласының және облыс аудандарының бірінің оқу орындарының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істер шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсынулар бойынша ақпарат жеткізілді.

          Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді түсіндіріп, басшылардың бағыныштылардың қызметіне тиісті бақылауды, білім беру саласы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауын, сондай-ақ білім беру саласы ұйымдары бюджетінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

          «Қылмыстық тәжірибені талдау өңірде білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, өкінішке орай, бұрынғысынша жоғары екенін көрсетеді. Бюджет айтарлықтай бөлінеді, алайда көбінесе қаражат арам шенеуніктердің қалтасына түседі, дегенмен олар жас ұрпақ арасында парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруы керек. Сондықтан білім беру мекемелерінің бірінші басшыларын білім беру процесіне қатысушылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамын», - деді Мұрат Төлеубаев.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив