Салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба: Ақтау кәсіпкерлері QR-кодтарды алуды міндеттеді

Салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба: Ақтау кәсіпкерлері QR-кодтарды алуды міндеттеді

Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлерге салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру үшін QR-кодты алу қажеттігін еске салды.

МКБ қызметкерлері облыс орталығының сауда орындарына барып қайтты. Олардың мақсаты кәсіпкерлерге осы QR-кодтың көмегімен салық қызметкерлері кассалық аппараттардың, POS-терминалдардың болуын және алкоголь сату қағидаларының сақталуын тексеретінін көрнекі көрсету болды. Бұл визуалды тексеру үшін қажет. Жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумағында көтерме немесе бөлшек сауданы жүзеге асыратын бизнес өкілдері бақылау-касса машиналарының жанында QR-кодты орналастыруы тиіс. QR-кодты Мемлекеттік кірістер комитетінің порталынан алуға болады. Ол үшін белсенді терезеде ЖСН/БСН, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін енгізу, "код Жасау" батырмасын басу, содан кейін оны басып шығару қажет. QR-кодтар мынадай ақпаратты қамтиды: ЖСН/БСН; Салық төлеушінің толық атауы; Салық төлеушінің мекенжайы; алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияның болуы немесе болмауы; БКМ тіркеу нөмірі; салық төлеушінің мәртебесі (қолданыстағы, әрекетсіз, қызметін тоқтата тұру).

Мемлекеттік кіріс органдарының өкілдері өздеріне келіп түскен шағымның негізінде мынадай себептер бойынша: Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қоюдың болмауы бойынша көзбен шолып қарап-тексеру жүргізе алады. БКМ қолдану тәртібін бұзу. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияның болмауы. Бұрын жүргізілген көзбен шолып қарау арқылы анықталған бұзушылықтарды жоймау.

Салық органдары бұзушылықтарды бейне және фототүсірілім көмегімен тіркейді. Шағым беру мерзімі салық төлеушіге көзбен шолып тексеру актісі тапсырылғаннан кейін 30 жұмыс күнін құрайды. Салық төлеушілерді көзбен шолып қарау жөніндегі пилоттық жоба 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітілді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив