Қосылған құн салығы бойынша жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді

Қосылған құн салығы бойынша жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген толықтырулар мен  өзгетулерге сәйкес, қосылған құн салығы  (ҚҚС) бойынша жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді, деп хабарлайды. 

ҚҚС-тан босатуды көздейтін жаңа нормалар 

Жаңа нормаларға сәйкес, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады. Осылайша:

1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

- арнайы экономикалық аймақтарының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт) болса;

- арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар болса;

- арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттар болса, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілетін және өткізілетін тауарларды;

2) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу бойынша тағайындалған оператордың Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен ресімделген көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар;

3) қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобиль көлігімен, сондай-ақ трамвайлармен жолаушылардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарын жүзеге асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Аталған толықтырулар Салық кодексінің 394-бабына енгізілген. 

Импорттау барысында ҚҚС-тан босату 

Қолданыстағы Салық кодексімен уәкілетті экономикалық операторлармен (УЭО) белгіленген шарттарды сақтаған жағдайда импортқа салынатын ҚҚС-ты төлеу мерзімін ұзарту қарастырылған.

Салық кодексінің 399-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, кодекстің 49-бабының 10-тармағына сәйкес жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және 457-бабында белгіленген талаптар орындалған тауарлардың импорты ҚҚС-тан босатылады.

Тауарлардың импорты кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

Тауарлардың экспортын растау тәртібі бұзылған жағдайда импортталатын тауарларға ҚҚС ЕАЭО кеден заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады.

Осылайша, заңмен ҚҚС-ты төлеу мерзімін ұзартылған ҚҚС төлеушілерінің  белгіленген  санаттары үшін ЕАЭО мүше елдерге бұдан бұрын импортталған тауарларды шығарған жағдайда ҚҚС-нан босатуды көздейтін түзету енгізілген 

ҚҚС бойынша есепке жатқызылатын қосымша сомасы туралы 

Салық кодексінің 411-бабына енгізілген толықтыруларға сәйкес, ҚҚС қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы қызмет түрлеріне мыналар қосылды: 

- мақта-мата талшығын, мақта талшығын дайындау;

- ашытқы өндіру;

- салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру;

- қант қызылшасынан қант өндіру.

Енгізілген өзгерістер отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив