ҚАЖК басшысы ТМД пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

ҚАЖК басшысы ТМД пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

2020 жылғы 23 желтоқсанда бейнеконференцбайланыс режимінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жеті елімен ынтымақтастықта пенитенциарлық қызметтер басшылары Кеңесінің V отырысы өтті, оған ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы әділет полковнигі Жанат Ешмағамбетов қатысты. 

Отырыс барысында жұмыс тобының өткен отырысының жоспарлары мен міндеттерін іске асыру қаралды. Онлайн-кездесуге қатысушылар арнайы контингентті қайта әлеуметтендіру, кадрлар даярлау, қылмысқа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, коронавирустық инфекциясының пандемиясына ден қоюдың қолданбалы құралдарына және оның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде таралуының алдын алу жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтерінің басшыларымен Қазақстанның ҚАЖ жаңғырту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың оң нәтижелерімен бөлісті. Ол қатысушыларға елдің пенитенциарлық жүйесі қызметінің тиімділігін жақсарту үшін ынтымақтастық пен тәжірибе алмасқаны үшін зор ризашылығы мен құрметін білдірді.

«Әр жыл сайын біздің өзара іс-қимылымыз неғұрлым қарқынды сипатқа ие болып, ынтымақтастығымызды кеңейтуге қосымша серпін береді. Осындай форматтағы кездесулер біздің алдымызға қойылған міндеттерді табысты іске асыруға бағытталған проблемалық мәселелерді талқылау және уақтылы шешімдер қабылдау үшін қолайлы алаң болып табылады», - деп атап өтті Ешмағамбетов.

Әлемдегі тұрақсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Төраға бірінші кезекте бас бостандығынан айыру орындарында арнайы контингентті жаппай жұқтыруды болдырмау үшін медициналық қамтамасыз ету мен оны жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде біз тұрақты жағдайды сақтап, covid-19 жаппай таралуын болдырмадық. Бүгінгі таңда мекемелерде емделіп жатқан 3 адам коронавируспен ауырады. Сонымен қатар, туберкулезді емдеудің жолға қойылған және тиімді тәжірибесін атап өткім келеді», - деді ол. Ешмағамбетов алғаш рет анықталған жағдайлар санының 36% - ға, ал науқастардың жалпы санының 22% - ға төмендегенін атап өтті.

Сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсартуға бағытталған нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмысқа да баса назар аударылды.

Айта кету керек, ағымдағы жылы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, сәлемдемелердің салмағы 14-тен 20 кг-ға дейін өсті. Ауруы бойынша арнайы контингентті босату туралы өтінішхаттарды қарау мерзімдері қысқартылды, сотталғандардың өтініштерін электрондық форматта беру құқығы енгізілді. Әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау үшін телефон қоңыраулары ұзартылып, бейне хабарламалар енгізілді.

Жаңа технологиялардың енгізілгенін де айта кету керек. Жақын арада еліміздің барлық мекемелерінде электрондық дүкендер орнату жоспарланған, олар арқылы сотталғандар мен олардың туыстары азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып ала алады.

Сонымен қатар, комитет төрағасы жазаларды орындау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау аясында барлық мекемелерді жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда. Бұл нақты уақыт режимінде тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді және сотталғандар мен қызметкерлер тарапынан болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алады», - деп қорытындылады Ешмағамбетов.

Соңында төраға отырыс мүшелеріне одан әрі ынтымақтастық және ҚАЖК қызметі туралы қажетті ақпаратпен бөлісуге дайын екендігін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері басшыларының Кеңесі 2015 жылғы 16 қазанда Бурабай кентінде (Қазақстан Республикасы) қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге сәйкес құрылды.

Бүгінгі күні қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесі отырысының құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Молдова өкілдері кіреді.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив