Қазақстанда ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба іске қосылды

Қазақстанда ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба іске қосылды

Енді ағылшын тілін тегін үйренуге сіздің де мүмкіндігіңіз бар! М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті көпшілікке арналған «KAZGUU.TEA.TALK» деп аталатын алғашқы ашық клубын жария етті. Әлеуметтік жоба қатысушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіруге, практикалық ағылшын тілі деңгейін арттыруға бағытталған.

         Жобаның оқу әдістемесі коммуникативтік тәсілге негізделген. Қатысушылар лексика мен грамматиканы түпмәтініне қарай пайдаланып,  сөйлеу алдындағы психологиялық кедергілерден құтыла алады.

         Жоба бағдарламасында Cambridge University Press, Macmillan Academy, National Geographic Publishing, Pearson Education Ltd, Oxford English сынды сапалы әрі әйгілі оқу бағдарламаларына негізделген әдістемелер қолданылады.

          Ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін оқытушылар құрамының тәжірибесі де өте маңызды дейді ұйымдастырушылар. Сабақтар легін әлемнің ең танымал университеттерін тәмамдаған  (Cambridge University, Newcastle University, Leicester University)  халықаралық сертификаттардың (TKT, CELTA, DELTA, TESOL, IELTS және т.б.) иегерлері жүргізеді.  

          КАЗГЮУ Жоғары Гуманитарлық Мектебінің директоры  Анар Ибраева, бұл жобаны қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінгендіктен бастап отырмыз дейді.

«Көптеген адамдар ағылшын тілін үйрену барысында  өз ойын жеткізуден  қорқады, біздің оқытушылар сөйлеу дағдыларын жақсартуға, ұялмай қорқынышын жеңуге көмектеседі. Қазіргі таңда ағылшын тілін білу мүкіндігіңді арттырып, мансабыңды табысты құруға, әлемнің ең озық оқу орындарында  оқуыңды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ағылшын тілі заманауы ақпараттық ресурстардың бәріне жол ашады, себебі дүниежүзілік маңызы бар кітаптар мен ғылыми мақалалардың көбісі ағылшын тілінде жарық көреді» - деп атап өтті Анар Ибраева.

 «KAZGUU.TEA.TALK» онлайн-кездесуіне тіркеу bio: bit.ly/zoomteatalk  сілтемесі арқылы жүзеге асады. Жобаның барлық сабағына қатысқан тыңдаушыларға сертификат табысталады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив