Алик Шпекбаев пен Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесіндегі  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Алик Шпекбаев пен Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесті аша отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство жүргізіп жатқан жұмысты таныстырып, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды атап өтті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

«Пандемия бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің беріктігіне сынақ болды және біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізді. Ол жылдар бойы қордаланған мәселелердің бетін ашып, біздің жұмысымыздың кейбір тұстарының жетілмегендігін көрсетті. Сондай-ақ, олардың ішіндегі жемқорлық сипаттағы құрамдас бөліктерін айқындап берді», - деді ол.

Денсаулық сақтауды дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына мемлекет айтарлықтай бюджет қаражатын бөледі.

Соңғы 15 жылда денсаулық сақтауды қаржыландыру кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыру көлемін қамтамасыз етудің өсуін ескере отырып, 8 есеге ұлғайды (2005 жылы – 191,4 млрд теңге, 2020 жылы – 1,6 трлн теңге).

COVID-19-ға қарсы күрес бойынша эпидемияға қарсы шараларға қосымша 300 млрд теңгеден астам қаражат үйлестірілді, оның үштен бірінен астамы Денсаулық сақтау министрлігі арқылы бөлінді. Шамамен 60 млрд теңге карантиндік іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау қызметкерлерінің үстемақысына және оларды қосымша ынталандыруға бағытталған.

«Бұл қаражатты жымқыру немесе мақсатсыз жұмсаудың алдын алу маңызды. Бөлінген әр теңге мақсатты жеріне медициналық қызметтер, жеке қорғау құралдары, дәрігерлерге үстемақы түрінде жетуі тиіс. Дәрігерлер өз денсаулығын пида етіп, пандемия кезінде халыққа күрестің алдыңғы шебінде көмек көрсетті. Бұл үшін оларға Агенттік атынан ерекше алғыс білдіргім келеді. Екінші жағынан, жағымды күш-жігердің әсері жемқорлықты жояды. Өкінішке орай, бұл құбылыс министрлік пен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау басқармаларын айналып өтпеді»,- деді Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.

Спикер Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жаңғырту бойынша президенттік реформалардың үш пакетінде белгіленген шараларды қабылдау қажеттілігін ерекше атап өтті.

Кеңес барысында, әсіресе, пандемияның келуімен байланысты туындаған бірқатар шешілмеген мәселелер талқыланды. Олардың кейбіреуі жүйелі сипатқа ие және ерекше назар аударуды қажет етеді.

Агенттік пен Министрлік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында да осындай талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Азаматтық қоғамды талдау жүргізуге кеңінен тарту маңызды. Спикерлер денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бақылауды дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Министрлік дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді және медициналық көмек көрсету сапасын бақылау жөніндегі қоғамдық белсенділердің «COVID-19 Қазақстан қоғамдық бақылауы» қозғалысына жан-жақты қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесіне сараптамалық қоғамдастықтың құзыретті өкілдерінің сындарлы қатысу мүмкіндіктерін кеңейте отырып, «жаңа тыныс беру» қажет.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, сондай-ақ Агенттік пен министрлік арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау аясында биыл «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы ұйымдастырылып, Жарғысы бекітілді.

Агенттік осы бағыттағы жұмыстың оң қарқынмен дамуына үміт білдіреді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив