«Салық әмиян» eSalyq мобильді қосымшасы

«Салық әмиян» eSalyq мобильді қосымшасы

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтерді цифрландыру нәтижесінде бюджетке салықтарды қолма-қол ақщасыз төлеудің ыңғайлы және қарапайым сервистерін құру бойынша іс-шаралар жүргізілді. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдердің қолма-қол ақщасыз төлемдер үлесі 86%-дан астамды құрады (бюджетке төленетін төлемдер бойынша барлық транзакциялардың 13,2 млн-нан 11,4 млн-ы электрондық түрде жүзеге асырылды). 2020 жылы бұл көрсеткішті 90%-ға дейін арттыру жоспарда. 

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) порталының eSalyq мобильді қосымшасында салық әмиянының қызметі App Store және Play Market жарияланған. Салық әмиянының қызметіне қол жеткізу үшін ұялы азаматтардың деректер базасында тіркелуді қажет ететін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет. Мобильді қосымшада логинді ЖСН/пароль, жылдам кіру коды және биометрия арқылы теңшеуге болады (FaceID, TouchID).

Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Қызмет салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардан ақпаратты ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде қосылады.    

Салық әмияндарын толтыру келесі мәліметтерге автоматты түрде жасалады:

Бенефициардың аты: «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ

Бенефициардың БСН: 141040004756

Бенефициардың банкі атауы: «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ

Банктің БСК: KKMFKZ2A 

Бенефициардың шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000

БСК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсiмдері»

ТБК: 911 «Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер»

Салық міндеттемелерінен пайда болған салықтардың есебіне Салық әмиянынан ақша алу туралы хабарлама қызметке автоматты түрде шығады. Барлық жасалған операциялар тарихын «Төлемдер мен салымдар тарихы» қойындысынан тексеруге болады. Салық әмиянынан қайтару қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Салық төлеушінің кобинеті» web-қосымшасы, (egov.kz) «электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ eSalyq салық әмиянында «артық төлемді басқару» сервисі арқылы ұсынылған салық төлеушілердің салық өтініші негізінде жүзеге асырылады. 

«Салық әмиянының» eSalyq мобильді қосымшасын дамыту мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді:

- азаматтардың мобильді базасымен интеграциясы нәтижесінде, Салық әмиянының сервисінде авторландыру SMS-пароль арқылы жүргізіледі;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ картасын байланыстыру және төлемді Kaspi.kz қосымшасына аудару нәтижесінде Салық әмиянын толтыру процесі оңайлатылды;

- уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік кірістер комитетінің «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесімен интеграциялау нәтижесінде, 2020 жылғы 24 наурыздан бастап мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салық салу объектілері бойынша деректерді қарау сервисі іске асырылды;

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін 2020 жылғы 22 сәуірден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің қарапайым және ыңғайлы сервисі іске асырылды;

- 30.06.2020 жылы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық немесе қате төленген сомасын есепке алуға не бюджетпен қайтаруға өтініш беру үшін «Артық төлемді басқару» сервисі іске асырылды;

- 04.09.2020 жылы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетімен және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-пен бірлесіп көлік құралдары және жылжымайтын мүлік бойынша салық салу объектілерін коррекциялау функционалы іске асырылды, бұл салық төлеушілерге растайиын құжаттарды қоса бере отырып, электрондық өтінімдер беруге жіне оларды объектілер бойынша мәліметтерді өзектендіруге уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуге мүмкіндік береді. 

2020 жылдың 4 тоқсанында заңды тұлғалар үшін салық әмиянының механизмін, атап айтқанда бірынғай деректемелер үшің төлеу және төлемді автоматтық есепке жатқызу, сондай-ақ жер учаскелері бойынша деректерді реттеу сервисін іске асыру және банктердің сервистерінде, e.gov, m.gov салық әмиянының сервистерін кеңейту жоспарлануда.

Салық әмиянының қызметі тек салық төлемдері үшін қарыздарды және алдағы төлемдерді автоматты түрде өтеуге арналғанын ескертеміз. eSalyq қосымшасындағы әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеу «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер туралы ақпарат» қызметінде жүзеге асырылады.

15.09.2020 жылғы жағдай бойынша салық әмиянын пайдаланушылар саны 48 955 болды. Салық әмиянын толықтыруды 18,1 млн.таңге сомасына 2 655 пайдаланушы жүргізді, 3,4 млн.теңге сомасына 467 автоматтық еспке жатқызу өндірілді, 14,9 млн.теңге сомасына 360 пайдаланушының «артық төлемді басқару» сервисін пайдаланды, 1 714 пайдаланушының жылжымайтын мүлік және көлік құралдары бойынша деректерін реттеуге өтініш берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив