Атаулы әлеуметтік көмекке egov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады

Атаулы әлеуметтік көмекке egov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады

Елімізде енгізілген карантиндік жағдайға байланысты азаматтардың сақтығы үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі АӘК тағайындауды автоматты түрде ұзартты

 

Қазақстанда төтенше жағдай енгізу кезеңінде 2020 жылғы 31 наурызына дейін  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың қауіпсіздігі үшін АӘК келесі тоқсанға (2 тоқсанға) азаматтардың өтінішінсіз автоматты түрде ұзартылды. Мұндай шара елімізде пандемияның таралуына жол бермеу мақсатында ғана енгізілді.

Ал, 2020 жылғы 3 тоқсанда (шілде-қыркүйек) елдегі коронавирус індетінің таралуы жағдайын ескеріп, қызмет алушылармен тікелей байланысты болдырмау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «өтініш берушілердің қатысуынсыз АӘК тағайындау» туралы шешім қабылдады.

Бұл үшін «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде барлық белсенді АӘК алушыларға 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 2 тоқсанның табысын ескере отырып, 3 тоқсанға арналған өтініштер автоматты түрде қалыптастырылды.

Айта кету керек, 3 тоқсанға АӘК тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысына кейбір табыстар есепке алынбаған:

- Бірыңғай жиынтық табыс (БЖТ);

- Төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем (42500 теңге)

Сондай-ақ, АӘК-ге алғаш рет өтініш беретін азаматтар egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы «байланыссыз» тапсыруға мүмкіндік жасалған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив