Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде «Түркиядан жеткен 125 тыныс алу аппараты елорда әуежайының қоймасында жатыр» деген видеоматериал жарық көрді.

Анығында, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 02.30-да Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Түркиядан гуманитарлық жүк келді. Жүкті алушылар «СК-Фармация» ЖШС, «Айдын Нуры» қайырымдылық қоры, «Отандастар» қоры болып табылады.

12 тоннадан астам жүк дәрі-дәрмектерді, медициналық қорғаныс құралдарын және ИВЛ аппараттарын қамтиды.

Самолеттен жүкті түсіру ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 4.00 аяқталды. Кейін аталған жүк әуежай қоймасына орналастырылды.

Сағат 10.00-де тауар алушылардың өкілдері келгеннен кейін жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеу жүргізілді.  Барлық кедендік рәсімдер 10 минуттың ішінде жасалды. Сағат 11.00-лер шамасында  жүк әуежайдан бірнеше партиямен әкетілді.

Бұл орайда Мемлекеттік кірістер комитеті сертификаттауға жататын тауарларды әкелу барысында кедендік ресімдеу үшін рұқсатнама құжаттарын ұсыну қажеттігін атап көрсетеді, себебі біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығы медициналық препараттар мен бұйымдардың сапасына тікелей тәуелді, ал бұл ең маңызды. Сапасыз препараттар мен бұйымдарды қолдану, пандемия кезінде қосымша қауіп-қатер тудырады.

Мемлекеттік кірістер органдары тауарларды жедел кедендік ресімдеуге күш жұмылдырып отыр және қажетті құжаттар ұсынылған кезде, гуманитарлық көмек дереу шығарылатын болады.

Осыған байланысты барлық кеден бекеттері тәулік бойғы режимде жұмыс жасайды, онда қажетті құжаттарды ұсыну жөнінде кеңес беруге көмектеседі.

Кәсіпкерлік субъектілерін және қоғамдық бірлестіктерді қандай да бір түсінбеушіліктерді, толқуларды болдырмау мақсатында қажетті кеңес алу үшін алдын-ала жүгінуді сұраймыз.

 Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінің Контакт-орталығына 1414, 8-800-080-7777 байланыс телефондары бойынша жүгінуге болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив