ДӘРІХАНА ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ 6800 ТЕҢГЕ АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

ДӘРІХАНА ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ 6800 ТЕҢГЕ АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

 

«Астана – Адалдық алаңы» жоба кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топпен бірлесіп қала дәріханаларына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

         Бүгін ІКОМЕК 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы шағым түскен дәріханаларға рейд жүргізілді.

         Жеңіс даңғылы, 20 мекенжайында орналасқан  «Murat-Farm 35» дәріханасында қала тұрғынына 90 мг «Ингаверинді» 7000 теңгеге сатқан. Бұл препараттың DARI.KZ ресми сайтында тіркелген құны 5940 теңгені құрайды.

Жеңіс даңғылы 26-да орналасқан дәріханада қала тұрғыны 30 мг «Дайвобетті» 16310 теңгеге сатып алған, ал ресми дереккөзде белгіленген баға - 9435 теңге.    Яғни, 6875 теңге қымбатқа сатқан.

Ең қызығы, мониторингтік топ аталған дәріханаға барғаннан кейін дереу дәріхана тарапынан өтініш берушінің картасына 6800 теңге қайтарылған.

         «Бүгін үш дәріхана тексерілді, оның екеуінде бағаның қымбаттау фактісі расталды. Нәтижелерді уәкілетті органдарға шара қолдану үшін жолдаймыз. Дәріханаларға мониторинг жүргізу жалғасып жатқандығын да атап өткім келеді. Сонымен қатар, мен барлық азаматтарды бағалардың қымбаттауы туралы ақпаратты +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуге шақырамын. Дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауы қазіргі кезде заң бұзушылық болып табылады», - деді «Астана-Адалдық Алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов.

         «Екі күнде біз 15-тен астам дәріханаларға мониторинг жүргіздік. Дәріхана басшыларына дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбат бағаға сатпау жөнінде кеңестер берілді. Рейд жұмыстары күнделікті өткізіліп тұрады», - деді «Астана - адалдық алаңы» жоба кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

         Мониторинг жұмыстары оң нәтиже көрсетуде. Қала тұрғындары жедел жұмыстарға алғыстарын білдіруде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив