Швейцариялық Альпіде «Абай оқулары» өтті

Швейцариялық Альпіде «Абай оқулары» өтті

Қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Цюрих университетінің академиялық орта өкілдері, Абай шығармашылығымен сүйсінетін швейцарлықтар, сол елде оқитын қазақстандық студенттер, қазақ диаспорасы мен елшілік достарының қатысуымен «Абай оқулары» атты open-air іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара Люцерн маңында Альп және атақты Люцерн көлімен қоршалған ескі Мегган сарайы жанында өтті.

Коронавирус пандемиясына байланысты мұндай формат өте қолайлы және орынды болды, өйткені Абай өлеңдері академиялық қабырғаларға қарағанда табиғат аясында ерекше оқылады.

Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев «орыстар үшін Толстой, ағылшындар үшін Шекспир, немістер үшін Гете қалай бағаланса, қазақ халқы үшін Абай да сондай құрметке ие. Егер әлем Абай туралы және оның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі туралы білсе, онда біз қазақ әдебиеті әлемдік классикалық әдебиетте өзінің маңызды орнын алды деп айта аламыз».

Цюрих университетінің Антропология және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының жетекшісі, қазақ тілін меңгерген профессор Петер Финке Абай шығармашылығы қазақ әдебиеті мен тарихы үшін аса құнды екенін атап өтті.

Ұлы ақынның шығармашылығымен таныс іс-шара қонақтары Абай шығармаларын қазақ, француз және неміс тілдерінде оқыды.

Ұлы қазақ ақынын еске алуға арналған «Абай оқулары» өте жылы және достық атмосферада өтіп, қазақ әдебиетін насихаттап, барлық қатысушыларға жағымды естеліктер қалдырды.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив