IТ-технологиялар сотқа қолжетімділікті арттырады

IТ-технологиялар сотқа қолжетімділікті арттырады

Бейне-конференц байланыс IТ-сот жүйесі қызметі түрлерінің, әсіресе бүгінгі таңда, ең бір қажеттісі болып отыр. Азаматтық істер мен материалдарды қарауда қызметтің бұл түріне деген сұраныс күннен-күнге артуда. Қашықтықтан отырып өзара байланыс орнатудың барлық сот процесіне қатысушыларға берер артықшылығы мол.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты 2020 жылдың 5 айында  бейне-конференц байланысын қолданумен 729 сот отырысын өткізді. Оның көпшілігі елдегі төтенше жағдай және карантин кезеңінде орын алды. Мұнда тараптар Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақсай, Байқоңыр, Жезқазған, Нұр-Сұлтан, Петропавл және Орал қаласында отырып сот мәжілісіне онлайн режимде қатысты. Сот процесіне қашықтан қатысу үшін оларға смартфонда «TrueConf» қосымшасын ортану жеткілікті еді.

Мәселен, сот қарызды өндіру туралы және қарсы берілген жазбаша қолхатты жарамсыз деп тану туралы талап бойынша істі қарау барысында тараптар мен өкілдер «TrueConf» және «WhatsApp» қосымшалары арқылы сотқа қатысты. Виртуалды сот отырысында тараптар бітімгершілікке келіп, екі жақ арасында медиативті келісім жасалды, іс өндірісі тоқтатылды. Тараптардың онлайн режимде қатысуы істің бітімгершілікпен тәмамдалуына еш кедергі келтірмейді.

Сот ісін жүргізуде бейне-конференц байланысын қолдану уақыт пен қаражатты елеулі үнемдейді, істерді жедел қарауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Виртуалды сот процестері аумақтық кедергілерді жояды, уақытты және материалдық ресурсты үнемдейді, іс бойынша тараптардың қолайлы қолжетімдігін қамтамасыз етеді. 

 

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив