Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру  міндет

Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру міндет

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек әр адам өзінің ана тілін мемлекеттік тіл ретінде өркен жаюына және оның қолданыс аясының кеңеюіне барынша үлес қосу тиіс.

Мемлекеттік тіліміз-ең басты байлығымыз. Сондықтан әрбір Қазақстандық азамат оны білуі міндетті деп есептеймін.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі екені нақтыланған. Ата Заңымыздың бұл талабы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 30-бабында, Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінің 14-бабында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 738-бабында айқын көрініс тауып, сот ісін жүргізу тілі-мемлекеттік тіл болып белгіленген. «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңның 4-бабына сай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі.

Тіл туралы заңның талаптары Ақжайық аудандық сотында орындалуда. Кіріс және шығыс хат-хабарлармен алмасу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ал, сот өндірісіне қабылданған азаматтық істер бойынша іс жүргізу тілі талап арыздың немесе арыздың жүгіну тілімен анықталады.

Іс жүргізу тілін жетік білмеген тараптар үшін, сотта арнайы аудармашы қызметі қарастырылмаса да, аудармашы қатыстырылады.

Мемлекеттік тіл мәртебесін биіктету-баршамыздың борышымыз. Сол себепті, ана тіліміздің мәртебесін одан әрі биіктетіп, анамыздың ақ сүтімен дарыған, қаншама қиын-қыстаудан өтіп, еліміз Егемендік алғанда толықтай мәртебеге ие болған ана тілімізді құрметтейік.

 

Ғабит Сакауов

Ақжайық аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив