Тез бұзылатын тауарларға фитосанитарлық сертификаттар 3 сағат ішінде берілетін болады

Тез бұзылатын тауарларға фитосанитарлық сертификаттар 3 сағат ішінде берілетін болады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ережеге түзетулер енгізді. Енді тез бұзылатын карантиндік өнімдерге  (жемістер, жидектер, көкөністер мен бақша өнімдеріне) фитосанитарлық және карантиндік сертификаттар үш сағат ішінде беріледі, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдау мақсатында Министрлік «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08 / 590 бұйрығына өзгерістер әзірледі.

Бұл түзетулер карантиндік және фитосанитарлық сертификаттарды беру мерзімдерін 5 жұмыс күнінен 3 сағатқа дейін қысқартуды қарастырады.

 Бұрын-соңды болмаған мұндай құжаттарды жылдам рәсімдеу кәсіпкерлерге үлкен көмек. Фермерлер мен саудагерлердің тез бұзылатын ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындарын да азайтады.

Тез бұзылатын өнімдерге (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша өнімдері) сертификаттарды жылдам рәсімдеу мен берудің негіздері:

- ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өтініштері;

- карантиндегі өнімнің ауыл шаруашылығы өндірушілері өтінім берген күнге дейін 2 күн бұрын алған импорттық фитосанитарлық талаптарға сәйкестігін растайтын фитосанитарлық сараптама қорытындысы.

Әділет министрлігінің ескертулеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау ережелері өзгертіліп, мүдделі мемлекеттік органдарға қайта бекітуге жіберілді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив