Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлыққа жол жоқ

 

Жемқорлықпен күрес қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың негізігі басымдылықтарының бірі осы келеңсіздікпен күресу болып табылады. Осыған байланысты 2020 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында әскерге шақыру жұмыстарына қатысатын комиссия мүшерері және дәрігерлермен Ақмола гарнизонының құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жемқорлықпен күрес бойынша заңдылықтың орындалуын бақылау комиссиясының кезекті  отырысы болып өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті (жемқорлықпен күрес қызметі) бастығының бірінші орынбасары – Жылқышиева Жазира Жаксылыққызы жемқорлықпен күрес туралы заңнамалық актілерге енгізілген соңғы жаңалықтарға кеңінен түсініктеме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет майоры Азамат Оспанов және гарнизонның Әскери полициясы жасағының сыбайлас жемқорлықпен күрес бөлімінің аға офицері әділет аға лейтенанты Дидар Есенжолов гарнизон бойынша құқық бұзушылық ахауалын талқылап, өткен жылдармен салыстырғанда елеулі жетістіктерге қол жеткізілгендігін мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Тәрбие, идеология және әскери-патриоттық жұмыстар басқрмасының бастығы – департамент бастығының орынбасары Ерболат Жүсіпов:

«Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Әскерге шақыру жұмыстары және халыққа қызмет көрсету бағытындағы біздің мекемеміздің мамандары кәсіби білімді, білікті, заман талабына сай, елімізге адал қызмет ететін тұлғалар болуы тиіс» - деді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив