АҚМОЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР  АБАҚТЫДА БОЛЫП ШЫҚТЫ

АҚМОЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АБАҚТЫДА БОЛЫП ШЫҚТЫ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Көкшетау қаласының тергеу изоляторына мемлекеттік қызметшілер үшін профилактикалық экскурсияны ұйымдастырды.

ЕЦ-166/23 қалалық мекемесінің қамаудағыларды ұстау шарттарымен танысу барысында шенеуніктер ғимараттың суық тар дәлізінен өтіп, тергеудегі және айыпталушыларды ұстау үшін, балалары бар әйелдер мен жүкті әйелдер үшін камераларға, сондай-ақ «темір тор арқылы аспан» көрінетін қамаудағылардың серуендеу ауласына барды.

Белгілі болғандай, бюджет қаражатын ұрлағаны үшін облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы кінәлі деп танылған, сондай-ақ ірі мөлшерде пара алғаны үшін облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы ұсталды, сондықтан аталған көрсеткіш іс-шарасы осы басқармалардың мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Түзету мекемесінің қабырғаларында алдын ала серуендеу қылмыстық жауапкершілікке тартылған шенеуніктердің әріптестерін таң қалдырды. Тергеу изоляторында қамаудағылардың өмірімен ішінен танысып, мемлекеттік қызметкерлер Заңға және қоғамдағы өзін-өзі ұстау ережелеріне деген көзқарасын өзгертті, өйткені тергеу изоляторында тергеуге алынған адам ретінде болғысы келмеді.

Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов атап өткендей, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және адамгершілік қағидаттарды қалыптастыру мақсатында басқа салалардағы қызметкерлер де тарта отырып, әрбір адамның, басшы немесе қатардағы қызметкер болсын, сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасаған жағдайда оны қандай салдарларды күтетінін түсінуі және сезіне алуы үшін осындай тәжірибені қолдану жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тіркелген 166 қылмыстық құқық бұзушылықтың 142-і сыбайлас жемқорлық болып табылады. 2019 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 99 адам тартылды.

 

 Динара Нұртаз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив