Лондонда қазақстандық студенттер үшін жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Лондонда қазақстандық студенттер үшін жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

 

«Job Fair 2020» атты жыл сайынғы үшінші бос орындар жәрмеңкесі бакалавриат пен магистратураның соңғы курс студенттері үшін Лондон университеттік колледжінде өтті. Іс-шараны Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі, Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығы, сондай-ақ Лондон университеттік колледжінің қазақстандық қауымдастығы (UCL Kazakh Society) «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолдауымен ұйымдастырды.

Бос орындар жәрмеңкесі – Елшілік жыл сайын ұйымдастыратын іс-шара. Онда Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттер жетекші қазақстандық және халықаралық жұмыс беруші компаниялардың өкілдерімен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.

Жәрмеңкеге Ұлыбританияның түкпір-түкпірінен Лондонға келген 130-дан астам қазақстандық студент қатысты. Олардың көбісі магистрлік бағдарлама бойынша оқитын «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері болды. Жұмыс берушілер ретінде бос орындар жәрмеңкесіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросы (АХҚО Бюросы), «BI Group» Холдингі, сондай-ақ «Shell Kazakhstan» энергетикалық компаниясы қатысты.

Өз сөзінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов мемлекет жастарды қолдау мен ілгерілетуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Бұл туралы жақында құрылған Президенттік жастар кадр резерві, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамалары және басқа да бағдарламалар куәландырады. Е.Ыдырысов сондай-ақ Елшілік қазақстандық студенттер үшін ұйымдастыратын негізгі іс-шаралар, оның ішінде Тұрақты даму мен инновациялар бойынша үшінші Орталық Азия ғылыми форумы, заңгерлерге арналған арнайы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі және т.б. іс-шаралар туралы айтып берді.

«Shell Kazakhstan» компаниясының өкілдері – Өндірісті жетілдіру жөніндегі менеджер Мэтью Молинье және Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші Әсел Ибраева – «Shell Graduate Programme» атты жас мамандарға арналған бағдарламаның егжей-тегжейі туралы әңгімеледі.

АХҚО Бюросы Бас директорының орынбасары Әсел Кәрібай АХҚО құрылымы және осы ұйымның экожүйесіндегі Бюроның рөлі, студенттер үшін оқу және тағылымдамадан өту жүйесі туралы ақпарат берді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері Қордың қызметі, жұмысқа қабылдау талаптары мен кезеңдері, «Samruk Qyzmetс бос жұмыс орындар онлайн-платформасы, сондай-ақ «Жас Өркен» жас мамандарды дамыту бағдарламасы туралы айтып берді.

«BI Group» Холдингі Директорының орынбасары Бахтияр Пірмаханов Қазақстанның ірі құрылыс холдингтерінің біріндегі жұмыс инсайттарымен бөлісіп, тренингтер жүйесі туралы айтып, қызметкерлердің тағылымгерден акционерге дейінгі өсудің көрнекі мысалдарын келтірді.

Ресми презентациялардан кейін іс-шараға қатысушылар жұмыс беруші компаниялардың өкілдерімен жеке танысып, сұрақтар қойып, кейстер шешуге қатысып, бос жұмыс орындарға орналасу үшін алдын ала әңгімелесуден өту мүмкіндігіне ие болды.

2021 жылы ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі қазақстандық нарықта жұмыс істейтін ірі британдық компаниялардың қатысуымен кезекті бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама қазақстандық офистерде жергілікті қызметкерлердің бөлігін арттыру бойынша міндеттемелерін орындауға бағытталған.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив