Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  Төрғасы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрғасы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жанында орналасқан «Antıkor ortalyǵy» сервистік ғимаратының салтанатты ашылуына қатысты.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, жобалық кеңсе жұмысшылары, өңірлік арнайы мониторингтік топ, ардагерлер кеңесі, ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшелері сынды белсенді қоғам өкілдері және БАҚ өкілдері мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

 

ТӨРАҒА СӨЗІ

 

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СӨЗІ

 

Естеріңізге сала кетесек, Агенттікпен жақын арада еліміздің барлық өңірлерінде осыған ұқсас сервистік орталықтар ашуды жоспарланған.

«Antıkor ortalyǵy»-ның құрылуы ең алдымен қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге, облыс азаматтарына консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.

Сервистік орталықтың бірінші қабатында күту залы, балаларға арналған бұрыш, Департамент пен «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық және заңгерлік көмек көрсетуге арналған ашық кабинеттер орналасқан.

Ал екінші қабатта брифинг-зал, жиналыстарға арналған блок және кәсіпкерлер мен инвесторлар қызметтеріне заңсыз араласу фактілері мен сыбайлас жемқорлық көріністерінен кепілді қорғауға жүгіне алатын «Protecting business and investments» жобасының кеңсесі орналасқан.

Естеріңізге сала кетсек, аталған жоба аясында бизнесті парасатты жүргізу жөніндегі 30 келісімге қол қойылып, 4 трлн. 177 млрд. теңге сомасынан асатын қаражат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қорғауына алынды.

Салтанатты шара барысында «Ақтөбе геопорталы» ақпараттық жүйесі презентацияланды. Аталған жүйенің көмегімен азаматтар жер мәселелері, Ақтөбе қаласының әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар объектілер жөнінде, тіпті, бұл объектілердің ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған пандустармен жабдықталу деңгейіне дейін ақпарат ала алады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен айқындаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету тапсырмасы аясында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев облыс басшылығымен бірлесіп азаматтарды қабылдау ұйымдастырды.

Өтініштерді қарау мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыты болып табылатынын атап өткен жөн, ондағы басты қағидаттар - туындаған сұрақтар аясында азаматтардың құқықтарын қорғау үшін құзіреттер шегінде барынша күш салып, жедел әрі жан-жақты зерделеу болып табылады.

«Барлық өтініштер жеке бақылауға алынды. Мұқият зерттеуді қажет ететін айқын кейстер бар. Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне нақты тапсырмалар берілді және әрбір өтінішті егжей – тегжейлі қарастырып, орын алған жағдайдың шешімін табу қажет», - деді Алик Шпекбаев.

Алик Шпекбаев «Antıkor ortalyǵy» сервистік ғимаратынан басқа, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының сервистік әкімдігі қызметімен танысты. Әкімдік бүгінгі күні «open space» форматына сай халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта және т.б. азаматтарға қызмет көрсету түрлерін қоса атқаруда.

 

Бұдан әрі Агенттік Төрағасы «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенінде болды. Еңбек ұжымымен кездесу барысында А. Шпекбаев бесінші буын технологияларын пайдалана отыра қызанақ өсіру жұмысының барысымен танысты.

Айта кететіні, бұған дейін Нидерланды Корольдігінің Елшісі Андрэ Карстенс Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесуі барысында голландиялық инвестор соқтыққан қиындықтармен бөліскен болатын.

 

Ақпарат үшін:

Нидерландтық инвестордың жылыжай кешеніне арналған жабдықтарды әкелуі барысында, мемлекеттік кірістерге тиесілі кеден органы жоспардан тыс тексеру жүргізуді шешкен. Әкелінген тауарды бұрыс декларациялау нәтижесінде, фискалдар «Green Capital Kazakhstan» ЖШС 353 млн теңге көлеміндегі бажсалығын артық есептеген. Өз кезегінде инвестор аталған сомманы есептеудің нақты негіздерін ала алған жоқ. Осыған байланысты, өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін олар "Protecting business&investments"жобалық кеңсесіне жүгінді.

1 млн. Доллар сомасындағы қосымша есептелген баж компанияны банкрот етіп, Ақтөбе облысын 240 жұмыс орнынан айырып, мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы салық түсімін 480 млн.теңгеге қысқартуы мүмкін еді. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұл мәселеге араласуы барысында бүгінгі күні айыппұл салығы алынып тасталды.

 

«Шетелдік инвестициялар үшін өңірлік бәсекелестіктің күшейуі контекстінде елдегі парасатты бизнес-ортаны қалыптастыруды ынталандыру қажет. Бұл бағытта "Protecting business&investments" жобалық кеңсесі жұмыс жүргізуде, ол Қазақстанның Орталық Азиядағы бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға белгілі бір үлес қосады», - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

 

Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жемқорлықтың алдын алудың, ағартудың және қылмыстық-құқықтық әрекет ету шараларының үйлесімділігі негізінде құрылған. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселесінің бірі - «парасаттылық мектебі» жобасын іске асыру болып табылады.

Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев елдегі ұзақ ғұмырлы оқу орындарының бірі болып табылатын (87 жыл) Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде болды. Бұл жерде «парасаттылық мектебінің» тыңдаушыларымен кездесіп, білім алу үшін жасалған ахуалмен танысты.

Колледждің арнайы жабдықталған аудиториясында парасаттылықты дамыту бойынша көрнекі әдістемелік ұсынымдар орналастырылған, сонымен қатар, тұрақты негізге өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тренингтер мен әңгімелесулер өткізіледі.

 

ТӨРАҒА СӨЗІ

 

Жұмыс сапарының жалғасы ретінде Агенттік Төрағасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында ұйымдастырылған «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты. Аталған бағытта Халықаралық деңгейдегі форумның Ақтөбе облысында алғаш рет өткізіліп отырғанан ерекше атап өткен жөн.

Шара барысында ЖОО-ның биометрикаға негізделіп жоғарғы технологиялы жүйенің жұмысы ұйымдастырылған ситуациялық орталықтың, «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығының, «Парасаттылық метебі» мен «Адалдық дүкенінің» жұмысы назарға ұсынылды.

Департаменттің қолдауының арқасында университет оқытушыларымен әзірленген «Парасаттылық негіздері» сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы әдебиет таныстырылды. Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысының тумасы Нұрлыбек Жұбатқанның «Түйреуіш» сатиралық кітабымен танысты. Жұмыс сапары барысында Төрағаның назарына «Қоңырау» театрландырылған қойылымы ұсынылды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға Ресей Федерациясы, Корея, Польша және Қытай мелмекеттерінің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Соынмен қатар, форум барысында РФ Орынбор облысы Тергеу комитетінің басқармасымен онлайн-байланыс ұйымдастырылды.

ТӨРАҒА СӨЗІ

 

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СӨЗІ

 

СПИКЕРЛЕРДІҢ СӨЗДЕРІНЕН ҮЗІНДІЛЕР

 

Форумның соңында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жыл бойы белсенді қатысқан азаматтарды алғыс хаттарымен марапаттады.

 

Форум аяқталған соң, Алик Шпекбаев «Дару Жарығы» офтальмологиялық клиникасында болып, ем алу процестерін цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын ашық қызмет көрсетудің ахуалымен танысты.

«Дару Жарығы» клиникасы бүгінгі күні мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша іске асырылған мамандандырылған, АҚШ, Австрия, Швейцария, Германия, Франция, Жапония брендтік компаниялары өндірген жоғары технологиялармен жабдықталған, сонымен қатар бүгінгі таңда республикадағы алдыңғы қатарлы медициналық ұйымдардың бірі саналатын офтальмологиялық орталық болып табылады.

 

ТӨРАҒА СӨЗІ

 

Агенттіктің Төрағасының «112» бірыңғай диспетчерлік қызмет орталығына баруының негізгі мақсаты болып облыстың барлық шұғыл қызметтерімен үйлестірілген жүйе ғана емес, диспетчерлер орталығына мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы азаматтардың жұмысқа орналастыру процесімен танысу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жыл адамы атанған және жай ғана рухани тұрғыдағы мықты тұлға Құралай Байменованың басшылығымен жедел қызметтердің диспетчерлерін дайындау бойынша оқу процестері жүргізілуде.

 

 

ТӨРАҒА СӨЗІ

 

Күн соңында, Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жұмыс қорытындылары мен жетістіктер жөнінде «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновпен баяндама жасалған Ақтөбе облысының активімен кездесті.

 

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ КУРАТОРЫНЫҢ СӨЗІ

 

ТӨРАҒА СӨЗІ

 

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗІНЕН ҮЗІНДІЛЕР

 

"AQTÓBE - ADALDYQ ALAŃY" жобалық кеңсесі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив