Брюссельде Ауған әйелдеріне арналған білім беру бағдарламасы таныстырылды

Брюссельде Ауған әйелдеріне арналған білім беру бағдарламасы таныстырылды

 «Берлемонт» ғимаратында – Еуропалық комиссияның орталық штаб-пәтерінде Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқыту бойынша Еуропалық Одақтың бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Ауғанстанның ЕО жанындағы Елшісі Назифулла Саларзай, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылығы, Халықаралық даму және ынтымақтастық жөніндегі Еурокомиссияның Бас директоры, сондай-ақ БҰҰДБ мен БҰҰ-Әйелдер жоғары өкілдері қатысты.

Р.Василенко өз сөзінде Ауғанстандағы тұрақтылыққа жәрдемдесу және Орталық Азиядағы аймақтық бейбітшілік аймағын қалыптастыру Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын тағы да растады.

ЕО, Қазақстан және Өзбекстанның үшжақты білім беру бағдарламасы ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау арқылы осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі тиіс.

Осы бастама аясында 2025 жылға дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарында Ауғанстаннан келген 40 студентті оқыту жоспарлануда. Оқыту ауыл шаруашылығы, қолданбалы статистика және тау-кен ісі сияқты мамандықтар бойынша жүзеге асырылатын болады. Тағы 10 қыз Өзбекстанда ауыл шаруашылығын меңгеретін болады.

Р.Василенко ЕО-ға осы бағдарламаны іске қосу жөніндегі қазақстандық ұсынысты қолдағаны үшін, атап айтқанда, оны қаржыландыруға 2 млн.еуро бөлгені үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ БҰҰДБ мен БҰҰ-Әйелдер ұйымына бағдарламаның практикалық имплементациясын өз мойнына алғаны үшін ризашылығын жеткізді.

Оның айтуынша, «бағдарлама Орталық Азия елдері ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің жаңа көрінісі аясында өңірдің ортақ дамуы үшін тиімді шешімдерді бірлесіп ұсына алатын және жүзеге асыратын тамаша үлгі болып табылады». Сонымен қатар, бұл бастама Брюссель мен Орталық Азия астаналарының Орталық Азия бойынша Еуроодақтың жаңа Стратегиясын іс жүзінде іске асыру бойынша тиімді шешімдер ұсынуға дайындығын көрсетеді.

Қазақстандық дипломат қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ БА-ның 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өз қызметімен Орталық Азияны да, сондай-ақ Ауғанстанды да қамтитын Тұрақты даму мақсаттары бойынша Өңірлік орталық құруды ұсынды. Бүгінгі күні іске қосылған бағдарлама он жеті мақсаттың алтауын – сапалы білім (№4 мақсат), гендерлік теңдік (№5 Мақсат), лайықты жұмыс және экономикалық өсу (№8 мақсат), теңсіздікті азайту (№10 мақсат), бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар (№16 мақсат) және тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік (№17 мақсат) қамтиды.

«Біз алдағы уақытта бұл бағдарлама өзінің құндылығы мен табыстылығын дәлелдейді деп үміттенеміз, бұл, бұрын жоспарланғандай, оны кеңейтуге бағытталған жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Ол Еуразиядағы, Орталық Азиядағы, Еуропалық Одақпен, әсіресе Ауғанстанмен ықпалдаса отырып оған қатысты ынтымақтастықтың жаңа тетіктердің прототипіне айналады деп сенеміз», - деп мәлімдеді министрдің орынбасары.

А.Камилов та, Р.Василенко да өз баяндамаларында халықаралық қоғамдастықты Ауғанстанды проблема ретінде емес, жаңа мүмкіндіктер көзі ретінде қарастыруға шақырғанын атап өткен жөн.

Іс-шара аясында Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметі, БҰҰДБ және басқа да құрылымдар атынан, сондай-ақ Ауғанстанның ЕО жанындағы Елшісі атынан сөйлеген сөздерінде осы бағдарламаның бастаушысы болып, іске асырғаны үшін Қазақстан мен Өзбекстан тарапына жоғары баға мен алғыс сөздер айтылды. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған кезінде, әсіресе 2018 жылғы қаңтарда ҚК-дегі төрағалығы шеңберінде Ауғанстанды тұрақтандыруға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Салтанатты шара аясында БҰҰ Даму Бағдарламасы ауған қыздарының тарихын баяндайтын, сондай-ақ олардың Қазақстанда алатын білімінің алдағы уақытта үлкен мүмкіндіктер ашатыны туралы сұхбаттарын көрсететін бейне-ролик ұсынды.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив