Бас прокуратура «Атамекен» ҰКП-мен және   «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп  бизнес мәселелерін шешуде

Бас прокуратура «Атамекен» ҰКП-мен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп бизнес мәселелерін шешуде

 

Бүгін Бас прокуратура «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, «Прокуратураның кәсіпкерлік саласындағы қадағалауы» жөнінде бизнесті қорғаудың IV форумын өткізді.

Форумға іскер топтардың өкілдері, Жоғарғы Соттың судьялары, Парламент депутаттары және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.

Отырысты ашқан Бас Прокурор қатысушылардың назарын қабылданып жатқан құқықтық және ұйымдық шараларға аударды.

Ол бірлесе жұмсаған күш-жігердің көмегімен үш жол картасы жүзеге асырылып, маңызды бағыттар бойынша үш жүзге жуық іс-шара аяқталғанын атап өтті. Атап айтқанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз ететін сандық технологиялар енгізілді.

Прокуратура органдары Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне (ӘІЖБТ), Субъектілер мен тексерулер объектілерінің бірыңғай тізіліміне (СТОБТ) және басқа да жобаларға арналған автоматтандырылған жүйелерді әзірледі.

Қылмыстық процесс жетілдірілуде, әкімшілік кедергілер мен тексерулердің саны азайды.

Кезең бойынша ізгілендіру кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау аясына негізсіз тарту санын 4 есеге жуық қысқартуға мүмкіндік берді (2015 жылы 13,600-ден 3549-ға дейін).

Сонымен бірге, Ғизат Нұрдәулетов кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғаудың және «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұрудың тиімді моделін құруға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің қажеттілігін мәлімдеді.

«Атамекен» ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев Бас Прокурорға жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді және Ұлттық палата қазірдің өзінде тұжырымдамасы Үкімет тарапынан қолдау тапқан Бірыңғай бизнес тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Мемлекеттік органдармен бірге өзара кірігу және оны жүргізу үшін қажетті ақпараттарды алу мәселелері пысықталуда.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жалпы жұмыстың тиімділігін атап өтіп, партияның облыстық филиалдарының басшыларын өңірдегі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға белсене қатысуға шақырды.

Форумның соңында Жол картасы бекітілді. Онда бірқатар бірлескен іс-шаралар қарастырылған. Жол картасында  атап айтқанда бизнестің маңызды міндеттері – сәулет-құрылыс пен жер қатынастары салаларындағы және бақылаушы-қадағалаушы органдардың тәуекелдерді басқару жүйелеріндегі мәселелер қамтылды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив