Қазақстан мен Жапония ядролық қарусыз әлем құруға шақырды

Қазақстан мен Жапония ядролық қарусыз әлем құруға шақырды

2019 жылы 19 қыркүйекте Токиода Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының аттас көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында «Қазақстан – Жапония»: ядросыз әлемге жол» атты халықаралық конференция өтті. Конференция ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық қозғалысты дамытудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінің маңызды аспектілеріне арналды.

Конференцияны ашқан Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем үшін қозғалыстын дамытудағы жаһандық үлесін, сондай-ақ Қазақстан мен Жапонияның ядролық сынақтарға тыйым салу саласындағы жемісті өзара іс-қимылын атап өтті.

«Ағымдағы жылғы 29 тамызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына ядролық қаруға заңды түрде алғашқы рет тыйым салатын тарихи шарттың күшіне ену перспективасын бір қадамға жақындатқан құжатты енгізді. Бұл шартты ратификациялау ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы белсенді жұмысты одан әрі жалғастыруға бізге моральдық құқық береді», – деп атап өтті Е.Баударбек-Қожатаев.

БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Ясуси Акаси өзінің құттықтау сөзінде ядролық қарудың бүкіл әлем үшін жойқын зардаптары туралы әлемдік жұртшылықты ақпараттандырудағы Жапония мен Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады.

«Ядролық қаруды жою өте маңызды тақырып болып табылады. Біз ядролық қаруға, оны тасымалдауға және сақтауға тыйым салуға тиіспіз. Ядролық қарусыздануға қатысты саясаттың ашықтығын қамтамасыз ету керек. Жапония БҰҰ-на тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орталық Азияның басқа да елдерінде ядролық қарудан азат аймақ болу үшін ядролық таратпау туралы ұсынысты енгізе отырып, барлық күш-жігерді жұмсады», - деді Я.Акаси.

Өз кезегінде, кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов конференцияның қорытындысы ядролық қарудан азат әлем құру ісіне үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

«ХХІ ғасырдың ең маңызды мәселелерінің бірі ядролық терроризм қатері мен ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы болды. Бүгінгі таңда барлық жағымсыз үрдістерді жою үшін әлемдік қоғамдастықтың, оның ішінде Қазақстан мен Жапонияның бүкіл саяси ерік-жігері қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің әрқайсымыз ыдыраған атомның біздің әлемді ыдыратып жібермеуі үшін өз жауапкершілігімізді көтереміз», - деді. Қазақстан тек халықаралық ынтымақтастықтың арқасында ядролық қарусыз мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады деп сенеді», – деп атап өтті А. Рахымжанов.

«АТОМ» жобасының Құрметті елшісі, белгілі қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков конференция аясында жапон жұртшылығына ядролық қаруға қарсы тақырыптағы өзінің көркем жұмыстарын ұсынды. Өз сөзінде ол Елбасының ядролық қарудан азат әлем құруға қосқан үлесін, сондай-ақ Қазақстан ядролық қарудың ірі арсеналынан ерікті түрде бас тартқан әлемдегі алғашқы ел екенін атап өтті.

Токиодағы Нагасаки қаласының өкілдігінің басшысы Хисато Мицутаке конференция қатысушыларына Нагасаки қаласының мэрі Томихиса Тауэнің жолдауын жеткізіп, онда ол іс-шараны ұйымдастырушыларға ядролық қаруды жою және жер бетіндегі бейбітшілікті нығайту ісінде күш салғаны үшін алғысын білдірді.

«Қатал сынақ арқылы өткен Нагасаки осындай шынайы тілек білдіреді: Нагасаки атом бомбасы тасталған Жердегі соңғы қала болсын. Әлі күнге дейін әлемде 14 мыңға жуық ядролық қару-жарақ бар, халықаралық қауіпсіздік бойынша халықаралық жағдай тұрақсыз. Дәл қазір азаматтық қоғам ядролық қарусыз әлем пайдасына одан әрі бірігуі керек», – деді Х. Мицутаке.

«Гои» бейбітшілік қорының президенті Хироо Сайонджи өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ядросыз әлем құру саласындағы үздік көшбасшылығы үшін 2016 жылғы арнайы әлем мәдениет сыйлығына ие болғанын еске салды.

«Қазақстан мен Жапония ядролық қарудан зардап шекті. Біздің міндетіміз - келесі ұрпақтың осы қайғылы оқиғаны білуі. Бұл біздің - Жапония мен Қазақстанның - ортақ миссиясы. Біз ядролық қарусыз әлем құруға жалпы күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді Х. Сайонджи.

Конференциядан кейін қабыладауда сөйлеген сөзінде Жапондық парламенттік Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Такэо Кавамура Жапония мен Қазақстан арасындағы ядролық қаруды таратпау саласындағы өзара іс-қимылдың ерекше рөлін атап өтіп, екі елдің осындай ұстанымы әлемдік аренада теңдессіз үлгі болып табылатынын атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив