Қазақстан достарының еуропалық тобы еліміздің киелі жерлерімен танысты

Қазақстан достарының еуропалық тобы еліміздің киелі жерлерімен танысты

Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі және Қазақ Географиялық Қоғамының қолдауымен ұйымдастырылған «Ұлы Дала Елі бойынша» Жібек жолының бірегей экспедициясы туралы Еуропа елдеріндегі Қазақстан достарының тобы Сыртқы істер министрлігінде баяндап берді.

Елімізге алғаш рет келген экспедиция қатысушылары Ұлытау көшпенді өркениетінің эпицентріне, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, Алакөл емдік көліне, сондай-ақ биіктігі 1133 метр құрайтын Ақмешіт шыңына көтерілді.

Сондай-ақ, 4000 шақырымнан астам қашықтық бірегей экскурсия Жошы хан, Домбауыл, Алаш хан кесенелеріне және 18 ғасырда Абай Құнанбаевтың әкесі салған мешітке барды. Ұлы Ақынның отанында Аустрия-Қазақстан қоғамының вице-президенті, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы президенті Кристине Муттонен неміс тілінде Ұлы Ақынның «Жаз» өлеңін оқыды.

Екі апта бойы саяхатшылар мұрағаттық құжаттар мен тарихи артефактілердің арқасында Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен жақынырақ таныса алды.

Қонақтарға қоршаған табиғат, киелі мекемелер мен жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы ерекше әсер етті. Ұлттық тағамдар мен сусындардың алуан түрлілігі, сафаридің ұзақ жолының жануарлар әлемі, шексіз даланың сұлулығы еуропалық достарымыздың есінде ұзақ уақыт қалады.

Экспедицияны Қазақстанның танымал саяхатшысы, Қазақ Географиялық қоғамының мүшесі, Оңтүстік Полюсті бағындырушы және еліміздің 100 жаңа есімдерінің бірі Мағжан Сағымбаев басқарды.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив