Қазақстандаға президенттік сайлауды шетелдік журналистердің рекордтық саны сүйемелдейді

Қазақстандаға президенттік сайлауды шетелдік журналистердің рекордтық саны сүйемелдейді

9 маусымға тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауы басталған уақытқа дейін үш күн қалды. Қазақстан Президентінің сайлауы әлемдегі үлкен қызығушылық тудыратын мемлекеттің ең басты саяси оқиғаларының бірі.

Жақында шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу процесі аяқталды. Электоралды кезеңде ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Орталық сайлау комиссиясымен (ОСК) бірлесіп шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелерінде тиісті жұмыс атқарылды.

Жалпы, ҚР СІМ әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік корреспондентті аккредиттеді (анықтама: 2015 жылы президенттік сайлауға 168 шетелдік БАҚ өкілі тіркелген болатын). Сонымен қатар, Министрлік жанында тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік корреспонденті тіркелген. Бұл әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге деген жоғары қызығушылықтың және мемлекеттің саяси және әлеуметтік өміріндегі болып жатқан өзгерістердің айқын көрінісі.

Шетелдік журналистер сыртқы саяси ведомство берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда сайлауды бақылауды жүзеге асыруға құқылы екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, «Сайлау туралы» Конституциялық заңда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредиттеу туралы куәлікті ұсынған жағдайда аудармашымен ілесіп жүруімен сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін норма бекітілген.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив