СҚО полицейлері 2 күннің ішінде 10 кибер қылмысты ашты

СҚО полицейлері 2 күннің ішінде 10 кибер қылмысты ашты

 

Екі күн бойы СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасының режимінде жұмыс істеді. ЖПІШ мақсаты мен міндеттері – кибер қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу, бұрын интернет арқылы  жасалған ұрлықтарды және алаяқтықты ашу.

Жұмыстың негізі бағыты - kolesa.kz, olx.kz, krisha.kz сайттарында, сондай-ақ instagram желісінде орналастырылған хабарландыруларға мониторинг жүргізу. Қылмыскерлерді әсіресе танымал сервистер қызықтырады. Операцияның 2 күнінде жүргізілген егжей-тегжейлі тексеріс кезінде бұрын жасалған 8 интернет-алаяқтық ашылды. Барлық жағдайларда «сатушы» алдын ала төлемді талап етіп, алғаннан кейін байланысқа шықпаған.

ЖПІШ шеңберінде интернет-алаяқтыққа күдікті Павлодар қ. 28-жасар тұрғыны және Рудный қ. 32-жасар тұрғыны анықталды.  Бірінші әйел – 2, екіншісі - 6 интернет-алаяқтық фактісіне қатысты күдіктелді. Олар жалға берілген пәтер үшін алдын ала төлемді алғаннан кейін,  жәбірленушілермен байланыспаған. Ұсынылатын жалға беру мерзіміне байланысты келтірілген шығын сомасы 6 мыңнан 80 мың теңгеге дейін болған. 

Аталған фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша енгізілді. Баптың санкциясымен 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген...

«Алаяқтықтан сақтанудың сенімді жолы – қырағылық таныту – дейді СҚО ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов. Асығыс шешімдерді қабылдамай, алдын ала төлем төлеуге келіспеген жөн, егер «сатушы» құжаттардың фотосын көрсеткен жағдайда, сенбеу керек, себебі олар басқа адамдардың құжаттарын көрсетеді. Бүгінгі күні бұдан да қауіпті алаяқтық түрі бар. Пәтер немесе автомобильді сатып алуға ниет білдіруші адамдарға «сатушыдан» «олжалы ұсыныс» келіп түседі, ол өзінің шетелде жүргендігін және сатып алушының төлем жасауға қабілетті екендігіне көзі жеткеннен кейін мәміле жасайтынын айтады.  Ол алдын ала төлемді талап етпейді, тек ақшаны сенімді адамның, мәселен туысының шотына аударып, ақша аударғандығын төлем түбіртегін фотоға түсіріп жіберу арқылы растауын сұрайды. Бұл ретте, аталған түбіртектерді ешкімге көрсетуге болмайды, себебі ондағы мәліметтер арқылы шотқа қол жеткізуге болады, қаскөй сол мәліметтерді пайдалана отырып, өзіне бар қаражатты аударып ала алады. СМС-хабарламалар арқылы алынатын растау кодтары, банк картасының сыртқы жағында орналасқан  CVV2/CVC2 – кодтар ақша шоттарына қауіп төндіреді. Бұл туралы интернет арқылы мәміле жасаған кезде ескерген жөн».

Интернетте алаяқтықтың мынадай түрі де кездеседі: қаскөй әлеуметтік желілерді мұқият қарап отырып, Интернет арқылы белсенді қарым-қатынас жасайтын адамды таңдап алады және оның танысы немесе туысы парақшасының дәлме-дәл көшірмесін жасайды. Осы парақшадан алаяқ несиені төлеуге қаржылай көмек көрсету өтінішімен хабарлама жібереді. Адамдар, көбінесе жастар мән-жайды анықтау үшін таныстарымен телефон арқылы хабарласпай, интернеттегі хат алмасуға сеніп, ақшаны шотқа аударып жібереді.   

«Hi-Tech» операциясының 2 күнінде полицейлер 10 кибер қылмысты ашты. 8 алаяқтықтан басқа, бейнетіркеу құралдарымен заңсыз саудалаудың – 1, жеке деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің - 1 фактісі ашылды.

 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив