"Қауіпсіз жол"

Көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында Астана қаласы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 14-16 ақпан аралығында "Қауіпсіз жол"жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын-алу іс-шараларын жүргізуде. Полиция қызметкерлері масаң күйінде көлік құралдарын басқарумен, қарама-қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің өту ережелерімен байланысты бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше көңіл бөледі.

Жедел алдын-алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 3000-ға жуық ЖЖЕ бұзу фактілері анықталды. Оның ішінде 1800-ден астамы көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыруы бойынша, 90-ға жуығы қауіпсіздік белдіктерін тақпауы бойынша, 60-қа жуығы көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы бойынша, 200-ге жуығы жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша, 10-ға жуығы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде жүргізуі бойынша және т.б.

 

Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив