МҚІСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаментінің  директоры Жарқын Тілеукеновтың брифингтегі тезисі, 27.12.2018

МҚІСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукеновтың брифингтегі тезисі, 27.12.2018

 

Өздеріңіз білетіндей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында 2016 жылдан бастап елде үш сатылы іріктеу енгізілді.

Оның арқасында біз мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесін айтарлықтай жақсарттық.

Бұл туралы жыл сайынғы әлеуметтік зерттеудің нәтижелері көрсетіп отыр.

Мысалы, респонденттердің 60%-ы мемлекеттік қызметке жаңадан түсушілердің сапасы артты деп атап өтуде.

Осыған Факторлық-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеу жобасын іске асыру және мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру өз септігін тигізді.

Сіздерге оның нәтижелері туралы бірнеше рет хабарлағанбыз.

Іріктеу жүйесі туралы нақты айтқанда, бірінші кезең ол - шекті мәндері белгіленген заңнама бойынша тестілеу.

Біз жүйенің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін сұрақтар дерекқорын үнемі жаңартып отырамыз.

Жыл басынан бері оған 53 мыңнан астам адам қатысты, оның 46%-ы оң нәтижесін алды. Құқық қорғау қызметіне 38 мың үміткерлер арасында бұл көрсеткіш 44%-ды құрайды.

Жалпы, үміткерлер тестілеуге жақсы дайындала бастағанын атап өтуге болады.

Екінші кезең - бұл құзыреттер деп аталатын жеке қасиеттерді бағалау.

Ағымдағы жылы танымал француз компаниясымен және мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың қолдауымен бірлесіп жеке қасиеттерді бағалауды жетілдіру бойынша жұмысты аяқтадық.

Кандидаттарға қойылатын құзыреттілік бойынша талаптар «халыққа қызмет көрсету» қағидатына негізделген қазіргі мемлекеттік аппаратқа сәйкес келуде.

Демек, кандидаттың үміттенген лауазымына қарамастан, үміткерлер парасаттылық, тұтынушыларға бағдарлау, жауапкершілік, бастамашылық, күйзеліске төзімділік сияқты талаптарға сай болуы керек.

Бұл мемлекеттік қызметшіге арналған қажетті қасиеттердің базасы деп айтуға болады.

Лауазым деңгейі есебімен, келесі құзыреттер қосымша тексерілетін болады.

Атқарушы лауазымдар үшін - бұл өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

Төменгі буын басшылары үшін - шешімдер қабылдау, көшбасшылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, жеделділік және өзін-өзі дамыту.

Орта буын басшылары үшін стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару, көшбасшылық, шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл сияқты құзыреттердің болуы міндетті.

"А" корпусының жоғары лауазымдары үшін көрсетілген құзыреттермен қатар Жүйелі басқарудың болуы қажет.

Әзірленген құзыреттер шеңбері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына және үздік шетелдік практикаға сәйкес келеді.

Сұрақтардың негізінде психометриялық есептер мен ситуациялық кейстер жатыр,олар кандидат туралы толық көрініс береді.

Бұл портретті үшінші кезеңде әңгімелесу өткізу кезінде конкурстық комиссиялар ескеретін болады.

Жауаптардың растығы деңгейі төмен болған жағдайда сертификат берілмейтінін белгілеу қажет.

Жүйе сынақтан өтіп, және 2019 жылдың қаңтарынан бастап енгізілетін болады.

************************************************************

Сіздер білетіндей 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеу барысында автоматтандырылған жеке қасиеттерді бағалау жүйесі қолданылады.

Осылайша үміткердің 8 дағдысы анықталады.

Олар  бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау.

Басшылық лауазымға үміткерлер қосымша стратегиялық ойлану  және көшбасшылық  бойынша тестілеу өтеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

  1. аватар
    HermanNusty 22 апреля 2020 06:28

    ремонт мобильных телефонов

    -----

    Кликните чтобы увидеть это чудо

    -----


    starbound купить

    ----

    купить игры не дорого

    ----


    ошейник электрический для дрессировки

    ----

    Вот по ссылке онлайн магазин для питомцев

    ----


    ввгнг frls

    ----

    Просто прекрасно

    ----


    Paint Net скачать бесплатно на русском языке для Windows 10

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив