ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару  академиясының вице-ректоры Әлтаир Ахметовтың тезистері

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлтаир Ахметовтың тезистері

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппаратты дамыту бойынша міндет қойған.

Осы жағдайларында, мемлекеттік қызмет саласында өзгерістерді басқару мәселесіне айрықша мән беру керек. 

Бүгінгі күнде мемлекеттік органдар өз тиімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда.

Алайда, бүгінгі күнге бұл жеткіліксіз, әңгіме жүйелік өзгерістер жайында. 

Мемлекеттік қызметшілерге қалай өзгеру қажет?

Біріншіден, мемлекеттік органдардың қазіргі таңда көбінесе операциялық қызметтермен айналысумен байланысты. Бұл ретте стратегиялық және инновациялық қызметке көшуі қажет. 

Екінші. Шешім қабылдау барысында азаматтардың әл-ауқатын арттыру басым болу керек. Тиісінше, азаматтардың пікірін толықтай есепке ала отырып, шешімдерді қоғамның және бизнестің ұстамына қарай қабылдау керек.

Үшінші. Кейбір мемлекеттік органдардың қызметі үнемі ашық әрі айқын бола бермейді. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жиі айтылады. Сондықтан қазіргі кезде Агенттік пен көптеген мемлекеттік органдар жағынан ашықтық әрі қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке заманауи технологиялар енгізілуде. Сондықтан талант-менеджментті енгізуді және мемелкеттік қызметшілердің құзыреттіліктерін арттыру, оларды инновацияларды енгізу және әлеуетті ашу процестеріне қатыстыру қажет.

Әлемде және біздің елімізге жылдам өзгерістер; жаңа геосаяси сын-тегеуріндер; белгісіздік деңгейінің өсуі, азаматтық белсенділік деңгейінің өсуі сынды мега-трендтер үдетіле түсуде.

Нені өзгерту керек?

Бүгінде өзгеріске немесе жетілдіруге көптеген аспектілер жатуы мүмкін, дегенмен Академияның сарапшылары мынадай маңызды немесе жүйелі өзгерістер бағыттарын баса атап көрсетуде, олар: 

- мемлекеттік органдардың ұйымдық мәдениті,

- шешім қабылдау технологиялары,

- формализм және бюрократия,

- мемлекеттік қызметшілердің білім алуға және өзін-өзі дамытуға деген қатынасы.

Мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысын өзгерту тетіктері қатарынан келесілерді атап өтуге болады:

ü  Кейінге қалдырмаушылық атмосферасын құру.

ü  Бизнес үдерістерге бірінші басшылардың қатысуын қамтамасыз ету.

ü  Мемлекеттік органдарда«реформаторлар командаларын – өзгеріс агенттерін», жоғары мінез-құлық мәдениетімен, қоғаммен өзара қарам-қатынас және идеялар жасаудаүлгі бола алатынмемлекеттік қызметшілердіұйымдастыру.

ü  «Төменнен-жоғары қарай» шешім қабылдау тетіктерін қолдануды бастау.

ü  Әр адамға өз пікірін айтуға мүмкіндік берілетін жиналыстың жаңа форматтарын енгізу. Мысалы, ол брейнсторминг болуы мүмкін.

ü  Идеяларды, өзгерістерді және инновациялық шешімдерді жасау үшін қолайлы орта қалыптастыру.

ü  Басшылық пен қатардағы қызметкерлердің бейресми қарым-қатынас жасауы үшін тұрақты түрде талқылау алаңдарын құру (әрі қарай әрекет ету мүмкіндігіндеқолдау табу мен сенімділікүшін маңызды).

ü  Шешім қабылдаудың төменгі тұрған деңгейлеріне түрлі мәселелерді табыстау жолымен тұрақты өзгерістерді енгізу (өзгерісті бекіту және жаңасын енгізу).

ü  Мемлекеттік басқарудың тетіктеріне азаматтардың қатысуы және мемлекеттік қызмет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының жаңа деңгейіне шығу.

ü  Мемлекеттік органдардың ұйымдық мәдениетін өзгерту бойынша жауапты хатшылар мен  ОМО және ЖАО аппараттарының басшылары үшін, оның ішінде мемлекеттік органдардың базасында тұрақты түрде оқу мен тренингтер өткізу.

ü  Күтілетін нәтижелерді басқару. Өзгеріс үдерісінің жылдам орын алмайтынын дұрыс түсіну қажет.

Өз кезегінде, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына және әрбір мемлекеттік қызметшіге айтқым келеді:

Сіздің өзгерістің қажеттілігін жеке түсіне білуіңіз маңызды. Альберт Энштейн айтқан екен: «Бір нәрсені жасауды жалғастыра беріп, басқа нәтижелерді күту мәнсіз».

Академия мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілерге өзгерістерді басқару мәселелерінде:

Басшы сенімі;

Коучинг;

Жобалық менеджментке оқыту;

Бизнес үдерістерінің цифрлық реинжинирингі;

Инновацияларды енгізу сынды заманауи технологиялар арқылы сарапшылық қолдауға дайын екенін жеткізеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив