«Қазақтелеком» АҚ Telia Company және  Fintur Holdings BV компанияларымен «Кселл» АҚ акцияларының дауыс беруші 75% сатып алу туралы келісімге қол қойды

«Қазақтелеком» АҚ Telia Company және Fintur Holdings BV компанияларымен «Кселл» АҚ акцияларының дауыс беруші 75% сатып алу туралы келісімге қол қойды

 

«Самұрық-Қазына»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Telia Company және  Fintur Holdings BV телекоммуникациялық компанияларының өкілдерімен кездесіп, басқосу барысында мәмілеге қатысты мәселелер мен Қазақстандағы телекоммуникация  саласының дамуын талқылады. Қор басшысы бұл келісім-шарттың еліміздегі телекоммуникация саласы үшін, әрі 2019 жылы IPO-ға шығуға дайындалып отырған «Қазақтелеком» АҚ үшін маңызды екенін атап өтті. Telia Company және Fintur Holdings BV өкілдері Йохан Деннелинд және Эмиль Нильссен «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасына шешім қабылдаудағы жылдамдағы мен келісім-шартты жасасуға көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз орталығында келісім-шарттың тараптары – «Қазақтелеком» АҚ, Telia Company және Fintur Holdings BV компаниялары қазақстандық телекоммуникациялық оператор «Кселл» АҚ-ның 75% акцияларын Қазақтелекомның сатып алуы туралы келісімге қол қойды. Мәміле бойынша «Қазақтелеком» «Кселл» акцияларының 24%-ын Telia Company компаниясынан, және 51%-ын Fintur Holdings BV компаниясынан (Telia Company (58,55 %) және Turkcell (41,45 %) компанияларының бірлескен кәсіпорны) сатып алды.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің мәлімдеуінше, мәмілеге дайындық барысында «Қазақтелеком» мұндай келісім-шарттардың халықаралық стандарттарына сәйкес, терең инвестициялық сараптама жасап, «Кселл» компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жан-жақты тексеріп шықты. «Kселл» компаниясының 75% акцияларын сатып алу туралы шешімді «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі мен «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық-стратегиялық комитеті қабылдаған.

«Кселл» компаниясының бақылаушы пакетін сатып алу «Қазақтелеком» АҚ құнының өсуіне себеп болып, Қазақстандағы телекоммуникация саласының дамуына серпін береді деп күтілуде.

Өз кезегінде Telia компаниясының президенті және атқарушы директоры Йохан Деннелинд бұл мәміле Еуразия нарығынан шығып, компания стратегиясына сәйкес Солтүстік және Балтық аймақтарына ден қоюдың жолындағы маңызды қадам деп атап өтті. Бұл Telia үшін 2015 жылдан бері аймақтағы алтыншы мәміле.

Өз сөзінде Қ. Есекеев былай деп мәлімдеді:  «Кселл» мен Active абоненттеріне айтарым: тарифтердің қымбаттауы, қызмет сапасының төмендеуі болмайды. Мәміленің қарсыластары осы екі себепті алға тартып әлеуметтік желілерді шулатқан. Біріншіден, бұған ешқандай себеп жоқ, мәміленің барлық жақтарын есепке алдық, екіншіден, IPO қарсаңында Қазақтелекомның өзі де қызмет сапасын төмендетуге мүдделі емес.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғау  комитеті «Қазақтелеком» компаниясының «Кселл»-дің 75% акцияларын сатып алу туралы өтінішін қабылдаған. Өтінішті қарастырған соң монополияға қарсы комитет бұл мәміле жөнінде шешім шығарды (https://goo.gl/7ePMVC). Алайда реттеуші бірнеше талап қойды: үш жылдық мерзімге қазіргі тарифтік жоспарларды сақтап қалу; абоненттерге қосымша қызметтер ұсыну; 2021 жылға дейін 4G жүйесін ауылдық жерлерде тарату (4000 және одан артық тұрғыны бар елді мекендерде); 2021 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей 5G стандарттарын енгізу. Бұған қоса монополияға қарсы орган «Қазақтелекомды» «Кселл» және «Activ» брендтерін сақтап қалуға, қызмет сапасы мен бағасын сақтау мақсатымен ұялы байланыс нарығының басқа да мүшелерімен инфрақұрылымды дамыту туралы келісімдерді сақтап қалуға міндеттеді.

 

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив