Қазақстан әлемдік қауымдастықты ЯСЖТШҰ-ның жақын арада күшіне енуін қамтамасыз етуге шақырды

Қазақстан әлемдік қауымдастықты ЯСЖТШҰ-ның жақын арада күшіне енуін қамтамасыз етуге шақырды

АСТАНА, 2018 жылғы 29 тамыз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның ядролық мұрадан бас тарту туралы шешімі халықаралық қауымдастыққа ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуге болатынын көре алуға  көмектесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанадағы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ұйымының «Өткенді еске алып, болашаққа беттеу» атты халықаралық конференциясының ашылу салтанатында атап өтті.

«Жаһандық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақ үшін сенімді келешекке қарау кепілдігі әлемнің толығымен ядролық қарудан босауы жағдайында ғана болуы мүмкін. Қазақстан мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін ынтымақтастық және өзара сенім жолымен қолдауға болатынына нық сенімді» - деп, Қ. Әбдірахманов баяндады. Министр тиісті үкіметтер мен парламенттерді  ЯСЖТШҰ-ға қол қоюға және оны ратификациялауға шақырды.

Бескүндік конференция Астанада Жастар тобының және ЯСЖТШҰ Беделді қайраткерлері топтарын жинады. Іс-шара Қазақстан Президенті            Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күніне арналды. Конференция қатысушылары ядролық сынақтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Конференция барысында Қ. Әбдірахманов пен ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы Лассина Зербо 29 тамызда ЯСЖТШҰ күшіне енудің айнымастығын атап өтіп, Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

«Қазақстан үшін осы күн Семей полигонындағы ядролық сынақтардың қайғылы салдарын еске алу үшін ғана емес, сонымен қатар ядролық қауіптен еркін болашақты құру мақсатында, пікірлес мемлекеттердің, азаматтық қоғам өкілдерін және жекелеген тұлғалардың күш-жігерлерін біріктіру үшін атап өтіледі» - деді Министр. Ол бір жыл бұрын, 29 тамызда Астанада Ғалымдардың бейбітшілік үшін Пагуош конференциясы өткенін, сондай-ақ МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкі іске қосылғанын еске салды. Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамыз күніне арналған жоғары деңгейдегі бірінші кездесуге жиналады.

«Қазақстан Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи шешімі дәлелді саяси жолдау болды, нәтижесінде ол 1996 жылы ЯСЖТШҰ қабылдау бойынша халықаралық күш-жігерге жәрдемдесті. Өткен жылдарда Қазақстан ЯСЖТШҰ-ға жақсы қолдау көрсетіп, оның мақсаттарына қол жеткізуіндегі табандылықты көрсете білді. Қазақстан әлемде ядролық сынақтарға ресми тыйым салған ғана емес, сонымен қатар көлемі бойынша  ядролық қарудың төртінші арсеналынан бас тартқан бірінші мемлекет болды» - деп, СІМ басшысы атап өтті.

Қазақстан  жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық деңгейлерде, соның ішінде азаматтық қоғаммен белсенді жұмыс жасауға мүдделі. Осы жұмыс 2012 жылы іске қосылған АТОМ халықаралық жобасымен (AbolishTestingisOurMission – Біздің миссия – сынақтарды болдырмау) өзара іс-қимыл жасаудан құралады. Министр барлықтарын ядролық сынақтарға мәңгілік тыйым салуға үндейтін Атом жобасының онлайн-петициясына қол қоюға шақырды.  

«Тағы да бір қадам ретінде біз мемлекеттерді Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қолдауы туралы мәлімдеуге шақырамыз. Қазақстан 2018 жылғы 2 наурызда құжатқа қол қойып, қазіргі уақытта оны ратификациялауға дайындалуда», - деп, ведомство басшысы хабарлады.  

Министр Корея аралық саммиттен және АҚШ пен ҚХДР арасындағы алғашқы кездесуден басталған Корея түбегімен байланысты соңғы оқиғалар, түбекті толығымен денуклеаризациялауға әкелетініне сенім білдірді. «Әлемнің осы бөлігіндегі жағымды өзгерістер ЯСЖТШҰ үшін үлкен серпін бола алады және Қазақстан, өзінің ядролық қарудан бас тартудың, әскери инфрақұрылымды жою мен тұрақты және өркендейтін болашақты таңдаудың бірегей тәжірибесін ескере отыра, қолдау көрсетуге дайын» - деді, Қ. Әбдірахманов.  

ЯСЖТШҰ Астанадағы конференциясына “Nuclear Threat Initiative” вице-төрағасы Десмонд  Браун, ЯСЖТШҰ бұрынғы атқарушы хатшысы Вольфганг Хоффман, БҰҰ қарусыздандыру мәселелері жөніндегі бұрынғы жоғарғы өкілі Ангела Кейн, Жапонияның Атом энергиясы комиссиясының вице-төрағасы НобуясуАбэ, БҰҰ қарусыздандыру мәселелері жөніндегі бұрынғы жоғарғы өкілі Серхио Дуарте секілді Ұйымның Беделді қайраткерлері тобының өкілдері және басқалары қатысады.  

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив