АСТАНА, 2018 жылғы 6 тамыз – Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 5-ші байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

АСТАНА, 2018 жылғы 6 тамыз – Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 5-ші байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

АСТАНА, 2018 жылғы 6 тамыз – Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 5-ші байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жыл сайын өтетін байқауға авторлар өздерінің материалдарында заманауи Қазақстан дамуының түрлі аспектілерін қызықтыратын байқауға қатысады. Биылғы жылы 20-дан астам елден 85 мақалалар арасында бес жеңімпаз таңдалды. Байқаудың жеңімпаздары үшін Астана, Алматы қалалары мен Бурабай курорттық аймағына сапарлары шеңберінде ауқымды ақпараттық және мәдени бағдарлама ұсынылады.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі біздің елдегі орын алып жатқан оқиғалардың жариялануына шетелдік журналистердің жұмысына әрдайым үлес қосуды жалғастырады. Қазақстан қоғамының ашықтығы, сананың ашықтығы, біздің мәдениетімізді әлемге таныстыру - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні болып табылады», - деді салтанатты рәсімге қатысушылары үшін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

ТМД және Балтық елдерінің авторларының арасынан Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігінің (УзА) редакциясы 2017-2018 жылдары аралығында Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары туралы белсенді ақпараттандыру жұмысы үшін жеңімпаз болып таңдалды. УзА жариялаған мақалалар арасынан «Өзбекстан-Қазақстан: дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығына арналған» атты мақаласы және достық веломарафон және Алматы облысының Өзбекстандағы күндері бойынша тақырыптық материалдар атап өтілді.

«Соңғы кезде әлемдік қоғамдастықтың Орталық Азияға қызығушылығы айтарлықтай өсті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев және Орталық Азия барлық мемлекеттерінің басшылары аймақтағы жан-жақты өзара іс-қимылды нығайту бойынша үлкен жұмыс атқарып келеді. Биылғы жылы Орталық Азия мемлекеттерінің жақындасуы мен ынтымақтастығына арналған бірталай мақалалардың жариялануы кездейсоқ емес. Өткен жылы Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 18,4%-ға өсті, оның ішінде Өзбекстанмен 32%-ға», - деді СІМ басшысы.

Америка құрлықтары журналистерінің арасында АҚШ тілшілері Стефан Рабимов пен Александр Липовцевтің  «Forbes» журналына шыққан «Қазақстанның жеті ғажайыбы: неліктен Орталық Азияда fashion-туризм дамуда» атты мақаласы үздік деп танылды.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне, Елбасының бес әлеуметтік бастамасына, Астана халықаралық қаржы орталығы мен Елорданың 20-жылдығына арналған материалдар топтамасы үшін иорданиялық Айман Ель-Забен Таяу Шығыс пен Африка елдерінің ішінен жеңімпаз болып жарияланды.

Жалпы, биыл шетелдік баспасөз құралдарында Астананың мерейтойы туралы 300-ге жуық материал жарық көрді. Жарияланымдардың басым көпшілігі – Астананың дамуымен танысу үшін арнайы келген журналистердің эксклюзивті материалдары. Үндістандық Индервир Сингхтің «Business Central Asia» журналында жарияланған «Астана: өзіндік тартымдылығы және сауығы бар шаһар» атты мақаласы осындай жұмыстардың бірі. Автор Азия, Аустралия және Океания елдерінің арасынан жеңімпаз болып танылды.

Британдық Джилли Пикап Еуропа журналистері арасынан үздік болып танылды. Ол «Aberdeen Press&Journal» және «The People’s Friend» баспаларында «Келу пункті – Қазақстан» және «Қазақстан: бір қадам алда» атты мақалаларын жариялаған.

Салтанатты рәсімде Қазақстан Бас редакторлары клубының Президенті Ерлан Бекқожин, Өзбекстанның Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Индия Елшісі Прабхат Кумар, Иордания және АҚШ елшіліктерінің дипломаттары сөз сөйледі.

Оған қоса, бірқатар тілшілер мен БАҚ-тар жүлдегер дипломымен марапатталды. Бұл дипломдар Қазақстанның елшіліктерінде табысталатын болады.

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» V байқауының серіктестері «Rixos President Astana», «Rixos Borovoe», «Rixos Almaty» қонақ үйлері, Арғымақ көлік компаниясы, «Қазақстан Темір жолы» ҰК акционерлік қоғамы, «Wizzair» және «Turkish Airlines» әуе компаниялары болып табылады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі дәстүрге айналған байқауды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін аталған компанияларға алғыс білдіреді.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив