Жаңғыртылған білім – жаңа меже

Жаңғыртылған білім – жаңа меже

Мәдениеттің таралуының жолдарының бірі – мәдени диффузия деп қарастырсақ, ал оның арналарының бірі – ғылым. Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз білім мен ғылым тілін іздеп дүние кезген болса, қазіргі ақпараттық қоғам жаңа технологияларды қолдануға зор мүмкіндіктер туындатты.

Елбасының саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сенім зор.

Рухани жаңғыру – қазіргі жаһандану дәуіріндегі ұлттық сананы жаңғырту, рухани құндылығымыздан ажырап қалмай, болашаққа үлкен сеніммен баратын басты қағидатты айқындай білу.

Білім және ғылым саласындағы жаһандық бәсекеге неғұлым бейімделген, жаңа технологияларды жетік меңгерген, өз ісінің шебері мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар.

Осы орайда Астана қаласының ЖШС «Басқару колледжінің» атқарып жақан игі істері ХХІ ғасырдағы ақпараттық – технология, білім берудің жаңа ұстанымдары мен әдістерін меңгерудегі қосып жатқан үлесі зор екенін айтуға тұрарлық.

Жақында осы оқу орнының ұйымдастырумен «Ғылым мен білімдегі жаңашыл технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл маңызы зор конференцияның негізгі мақсаты Елбасы биылғы жолдауында тапсырған жаңғыртылған білім беру мазмұнын талқылау, рухани жаңғыру, қоғамдық сананы үйлестіру механизмі, сандық Қазақстан, ҚР экономикалық қарыштауын дамытуда техникалық құралдардың қуаттылығы, қаржы-экономикалық және басқару жағдайының негізгі мәселесі жастарлың шығармашылық болашағын дамыту, әлеуметтік-саяси жаңашылдық, сондай-ақ еліміздің ертеңі – жас мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыру мәселелеріне арналды.

Қазақстандық білімнің жаңартылған үлгісі жолындағы тәжірибелердің зерделеуді мақсат еткен шараға білім беру мекемелерінің педагогтары, магистранттары, ғалымдары, еліміздің Астана, Талдықорған, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Балқаш, Тараз және Қарағанды аймағымен қоса ТМД елдерінен, яғни Ресей, Москва, Тула, Екатеринбург, Нижний Новгород, Ташкент қалалары мен алыс шетелден Ауғанстан, Сингапур, Филадельфия елдерінің айтулы ғалымдары шақырылды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда оқытудың сапасын жоғарылату, оқытушылардың біліктілігін арттырудың тиімді формалары, білім саласындағы заңдылық бағыттары мен мәселелері, электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру, өмір сүру сапасын жақсарту – жаратылыстану мен қолданбалы биотехнологияның болашағы т.б. мәселелерді қамтыған маңызды баяндамалар жасалынды.

Рухани жаңғыру идеясының негізінде рухани жаңғыру тұрады. Дамудың негізі – тәжірибе. Тәжірибе жинақтау арқылы сапа жақсартылады, қателіктер болмайды. Конференцияға қатысушылардың негізгі мақсаты тәжірибе алмасу. Сапаны тәжірибе арқылы ғана жақсартып, жетістіктерге қол жеткізуге болады. Осы тұрғыда баяндамашылардың көтерген мәселелері негізгі ойды, мүддені толығымен ашып берді.

Жалпы халықаралық, республикалық, колледж ішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу колледжде дәстүрге айналған. Бұл тұрғыда студенттердің ғылыми қоғамының, бөлім оқытушылары мен колледж дирекциясының, ғылым және әдістеме жөніндегі орынбасарлардың келелі еңбегінің нәтижесінің айғағы.

Қоғамда болып жатқан маңызды істер, Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек.

Рухани жаңғырсақ дүние көкжиегіміз кеңейеді. Рухани үндестікке білім арқылы ғана жетеміз. Осы тұрғыда санамызды жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындай аламыз.

 

Т.А.Абдикалова

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив