«Kazakh Invest» инвестклиматты жақсарту бойынша жаңа заңнамалық бастамаларды сарапшылармен талқылады

«Kazakh Invest» инвестклиматты жақсарту бойынша жаңа заңнамалық бастамаларды сарапшылармен талқылады

«Kazakh Invest» инвестициялық даулардың қылмыстылығы, салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыс деп танымай, көші-қон режимінің процедуралары сияқты салаларда жаңа заңнамалық бастамаларды Астана қаласында өткен дөңгелек үстел барысында талқылады.

Бүгін Астана қаласында сарапшылар, Жоғары сот пен мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, инвестициялық қоғам мен Қазақстан Республикасының бизнес ортасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Өздеріңізге белгілі 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «100 адым» бағдарламасын іске асыру шеңберінде енгізілген және инвестициялық климатты жақсарту бойынша түйінді фактор болған инвестициялық сот жүргізу институты жұмыс істей бастады. 

«Қазіргі уақытта инвесторларда құқық қолдану практикасы, ведомстволылықты және инвестициялық даулардың қылмыстылығын шектеу бойынша мәселелер туындап отыр. Бүгінгі таңда инвесторлармен өткізілген талдау мен диалогты есепке алып бірқатар бастамаларды талқылағымыз келеді. Атап айтқанда қылмыстылықты анықтау, «инвестициялық дау» түсінігін кеңейту, инвестициялық дауларды апелляциялық қарастыру мүмкіндігін беру» - деп дөңгелек үстел барысында «Kazakh Invest» меңгеруші директоры Әсел Сүгірбаева атап кетті.

Шетел инвесторларымен ашық келіссөз алаңын құру мақсатында «Kazakh invest» құрылымында шетелдің инвесторлар мүдделерінің қанағаттануына талдау өткізетін, «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға сүйемелдеу көрсететін, сондай-ақ инвестициялық қызмет барысында туындайтын мәселелерді шұғыл тәртіпте және жүйе негізде шешуді қамтамасыз ететін Сервистік қолдау және инвестициялаудан кейін мониторинг департаменті құрылғанын атап кету керек.

«Kazakh Invest» инвесторлардың тілектерінің ескерілуіне мүдделі және біздер әр инвестор тыңдала алатын алаң құрдық», - деп атап кетті Ә.Сүгірбаева.

Қазіргі уақытта Жоғары соттың мамандандырылған алқа соты Ж.Б.Ермағамбетова атап кеткендей, Жоғары сот халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру, мөлдірлікті қамтамасыз ету және өзара әрекет етуге ашықтық үшін барлық шараларды қабылдайды, оның ішінде диалогқа жария қол жеткізу және тіке хабарласу мүмкіндігін беру жолымен жасалады. Қазіргі уақытта Әкімшілік процессуалдық процестің қабылдануы болжанып отыр, оған дөңгелек үстелде аталған сот жүргізу мәселелері де қосылатын болады.

Қатысушылар процессуалдық заңнаманың түрлі аспектілерін талқылады. «Ernst&Young» компаниясының өкілдері процессуалдық мерзімдерді ұзарту мүмкіндігіне, сондай-ақ шағымды қамтамасыз ету шараларын қайта қарауға мүдде білдіріп отыр. «Grata» компаниясының заңгерлері экологиялық және салық заңнамасы мәселелерін қозғады, сондай-ақ инвестициялық даулардың қылмыстылығы тақырыбының өзектілігін растады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша KAZAKH INVEST алаңында заңнамалық бастамалар қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді және инвестициялық климатты жақсарту мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты бірыңғай ұсынымдар қалыптастырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив