Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма? Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады

Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма? Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik.  Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев бүгін үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, Қытайдағы қазақтарға "билік қысым көрсетіп жатыр" деген ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын, егер рас болса, мемлекеттік құзырлы органдар осы мәселені шешу үшін не істеп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қытайда тұратын қазақ диаспорасы ең ірі диаспора екені белгілі. Негізгі қоныс құрған жерлері – Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағы және Цинхай мен Ганьсу провинциялары. Қытай  Халық Республикасының Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағында тұратын қазақ ұлтының өкілдері қысым көріп келеді деген әңгіме шілде айындағы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында көтерілген болатын. Содан бері ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерде Шыңжаңда қоныс тепкен бір жарым миллионнан астам қандастарымыздың заңды құқықтарының шектелуі жөніндегі әңгіме кеңінен таралып келеді",  — деді депутат сенаттың жалпы отырысында. 

Ол қазақтардың діни құқықтарының шектелуі, шетелге шығу үшін төлқұжат берілмеуі, оралман құжаттарын қолына алған адамдарды оны қайтадан тапсыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат тарағанын айтты. 


sputniknews.kz

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив