Цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «ҚР азаматының паспорты» қолжетімді. Электрондық құжатты тек Қазақстан азаматтары ғана қолдана алады.

Цифрлық паспортты eGov mobile қосымшасында жеке куәлікке ұқсас сәйкестендіру үшін пайдалануға болады. Қазіргі уақытта «ҚР азаматының паспорты» цифрлық құжатын Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.

«Цифрлық құжаттар» сервисі eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінгі таңда құжаттың түпнұсқасы болмаған кезде смартфонда цифрлық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық паспорт пайдаланушылардың көптеген сұраныстары бойынша жүзеге асырылды. Жаңа құжатты цифрлық жеке куәлікпен тең дәрежеде пайдалануға рұқсат етіледі. Мәселен, егер сіз жеке куәлікті жоғалтып алсаңыз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, цифрлық паспортты балама құжат ретінде пайдалануға болады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторазицияда өтіп, басты беттегі «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі құжаттар тізімінен «ҚР азаматының паспортына» басу қажет (1, 2 сурет). 

Айта кетейік, казіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде 7 млн. астам азамат белсенді пайдаланатын 20 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т. б.) бар.

Бүгінде eGov Mobile қосымшасында 400-ге жуық мемлекеттік қызмет бар, оның 166-сы eGov.kz порталының қызметтері және e-license порталының жеке тұлғаларына арналған 250 қызмет қолжетімді. Ай сайын қосымшаны шамамен 13 млн. қазақстандық белсенді пайдаланады және айына шамамен 1,2 млн. мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

«ҰАТ» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив