«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылы 171 сериядан тұратын 15 отандық телехикая өндіреді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылы 171 сериядан тұратын 15 отандық телехикая өндіреді

Құрамына  республикалық 4 арна, республикалық 4 радио, 14 аймақтық телеарна және 23 интернет портал кіретін отандық жетекші медиақұрылым «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа маусымын ресми түрде ашты.

Маусымашарда телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай жаңа маусымдағы жобалармен таныстырып, Корпорацияның алдағы жоспарымен бөлісті.

Қазір телеарна ұлттық сипатын халықаралық сипатқа айналдыру үстінде. Жақында телеарна Қырғыз елінде көрсетіле бастайды.

Жаңа маусымда  «Qazaqstan» арнасы күндізгі қоғамдық-әлеуметтік бағыттағы «Өмір көркем», интеллектуалдық бағыттағы «Нартәукел», еңбек иелерін дәрітпеуге арналған «Тіршілік» бағдарламаларымен толығады және «Qazaqstan дауысы» телешоуы жаңа маусымын бастайды.  Күнсайынғы тікелей эфирдегі «Aqparat»,«Ашық алаң», «1001 түн», «Жедел желі» жобалары жаңаша форматта жалғасады. 

«Balapan» телеарнасы 2022 жылы 209 сериядан тұратын 11 анимациялық жоба өндіреді. Одан бөлек, балалардың зияткерлік сайысына құрылған «Білім бәйгесі», «Ең мықты», «Кім тапқыр?!», «Байқа, балақай!», «Күмбір live» бағдарламалары эфирге шығады. «Abai tv» телеарнасынан жаңа маусымда «Мұра», «Бірегей», «Би әлемі» және «Поэзия қағанаты» бағдарламалары шыға бастады.

«Qazsport» телеарнасы барлық спорт түрлері бойынша тікелей транслияциялар көлемін ұлғайтты. Футболдан Катарда өтетін биылғы Әлем чемпионатын көрсету құқығын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы иеленді. Бокс әлемінде жылдың басты әрі негізгі жекпе-жегі саналған Геннадий Головкин мен Канело арасындағы трилогия біздің арналардан тікелей эфирде көрсетіледі және Корпорация 18 қыркүйек күні бокс жанкүйерлері үшін «Қазмедиа» орталығында ашық көрсетілім ұйымдастырады», - деді  Ләззат Танысбай.

Басқарма төрайымының айтуынша, жаңа маусымдағы басты жаңалықтардың бірі - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылы 171 сериядан тұратын 15 отандық телехикая өндіреді. Оның ішінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Міржақып Дулатұлы мен Мағжан Жұмабаевқа, күйші Дина Нүрпейісоваға, академик, тарихшы-этнограф Әлкей Марғұлан мен түркі әлеміне ортақ аңыз тұлға Қорқат ата тұлғасына арналған тарихи бағыттағы 5 туынды бар. 

Ал «Қазақ радиосы,  «Шалқар»,  «Astana» және «Classic» радиолары жалпы саны 105 бағдарламаны жаңаша бағытта жалғастырады.

Жаңа маусымда «Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі жұмысын жалғастырады. 2022 жылғы қараша айынан бастап еліміздегі ЖОО-ның журналистика, кино өнері және телевизия факультетінің III, IV курс студенттеріне арналған медиамектептің екінші кезеңі басталады. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1663567601 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Maribel 21 сентября 2022 00:21

    You can certainly see your skills within the work you write.
    The arena hopes for even more passionate writers
    like you who are not afraid to say how they believe. Always follow your heart.


    Here is my webpage: login liontoto

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив