Алматы дәрігерлері балаларда жиі кездесетін аурулар туралы айтып берді

Алматы дәрігерлері балаларда жиі кездесетін аурулар туралы айтып берді

Жас балаларда кең таралған денсаулық мәселесіне нефрологиялық және стоматологиялық аурулар жатады. Олардың себептері мен алдын алу туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті Жоғары медицина мектебінің клиникалық мамандықтар кафедрасының профессоры Клара Шалабаева және қаланың штаттан тыс бас балалар нефрологы, №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының нефрология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Алпысбаева айтып берді.

Клара Шалабаеваның айтуынша, балаларда тіс аурулары жиі кездеседі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының критерийлері бойынша біздің республикада әртүрлі жас топтарындағы балаларда кариестің таралуы орташа есеппен 70-85 пайызды құрайды, ал қарқындылығы бойынша біздің балаларда кариестің декомпенсацияланған түрі жиі кездеседі», - деді К.Шалабаева.

Балалардың стоматологиялық денсаулығының бұндай жағдайының себебі – жүктіліктің патологиялық ағымы, әйелдің денсаулығы, жүктілік кезіндегі теңгерімсіз тамақтану, өмірдің бірінші жылындағы баланың ауруы, кіші және мектеп жасындағы диетадағы көмірсулардың артық болуы, ауыз қуыс гигиенасының сақталмауы.

Сондай-ақ спикер тіс ауруларының алғашқы профилактикасы бағдарламасының жоқтығы, мектеп жасындағы балаларға жоспарлы түрде ауыз қуысын сауықтыру, жалпы білім беретін мектептердегі стационарлық стоматологиялық кабинеттердің жабылуы сияқты маңызды әлеуметтік факторлар тіс денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтыратынын атап өтті.  Республикадағы стоматологиялық мекемелердің 80%-дан астамының жеке меншікке өтуі стоматологиялық көмекті балалар мен жасөспірімдерге қолжетімсіз етті.  Стоматологиялық қызметтердің (пломбалардың) жоғары бағасы ата-анасының материалдық жағдайы төмен ауылды жерлерде тұратын көпбалалы отбасы балаларының ауыз қуысын жақсарту мүмкіндігінен айырды.

«Ауыз қуысының жағдайы жалпы денсаулықтың көрсеткіші болып табылады.  Ал тіс ауруын азайтпай, дені сау бала өсіру мүмкін емес», - деді К.Шалабаева.

 №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Алпысбаева бүгінде балалар арасында нефрологиялық аурулардың жиі кездесетінін атап өтті. Оның айтуынша, қыздар мен ұлдардағы аурудың 80-85%-ы – зәр шығару жолдарының инфекциясы.

Спикер барлық ата-аналарға балаларда себепсіз температура, дизурия пайда болған кезде – ауырсынумен, ісінумен жиі зәр шығару немесе бала аз зәр шығара бастаған жағдайда міндетті түрде жалпы зәр анализін өткізіп, учаскелік дәрігерге немесе нефрологқа жүгінуді ұсынды.

«Бұл аурулардың көбін өздігінен жоюға болатынын атап өткім келеді. Алдын алудың бірнеше жолы бар: балаларға суды көп ішу, қыздарды дұрыс жуу, дұрыс зәр шығару және іш қатудың алдын алу», - дейді С.Алпысбаева. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1654668989 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив