Сенатта мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заң жобасы қаралатын болды

Сенатта мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заң жобасы қаралатын болды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда Палатаның алдағы отырысының күн тәртібі бекітілді.

Депутаттар 9 маусым бейсенбі күнгі отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайтын болды. Құжатта жаңа қаржы өнімдерін енгізу, қызметтерді одан әрі цифрландыру, сондай-ақ тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру көзделіп отыр.

Сенаторлар сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарауды жоспарлап отыр. Соңғы құжат, атап айтқанда, мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және төтенше жағдай кезеңінде мүгедектік мерзімін автоматты түрде ұзартуда медициналық-әлеуметтік сараптамадан сырттай өту мүмкіндігін беруді көздейді. Сенаторлардың айтуынша, заң жобасы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сенаттың Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Vince 13 апреля 2024 14:00

    I have been surfing online greater than three hours as of late, yet I
    never found any attention-grabbing article like yours.
    It is lovely worth sufficient for me. In my opinion, if all website owners and bloggers made
    good content material as you probably did, the web shall be much more helpful than ever before.


    Here is my page: biaxin 250 w przystępnej cenie w Krakowie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив