Азаматтарға ыңғайлы болу үшін автомобильдің VIN коды болуы туралы талап күшін жойды

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін автомобильдің VIN коды болуы туралы талап күшін жойды

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының аралық нәтижелері Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және аталған қордың басқарушы директоры Жанар Ибрашева мен Ғалымжан Әди, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының өкілдері Қайрат Еламанов пен Ербол Сейпілов, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің өкілдері жауап берді.

Осылайша, бағдарлама іске қосылғаннан бері екінші деңгейлі банктермен 14 507 өтінім қабылданып, 35,7 млрд теңгеге 4 834 өтінім мақұлданған. Бүгінгі таңда  автокөліктің 34 данасы өз иелерін тапты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 11, Алматы қ. – 4, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 1, БҚО – 1, Жамбыл облысы – 4, Павлодар облысы – 4, Шымкент қаласы – 6.

Айта кетерлігі, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы Қазақстанда биыл 16 мамырда іске қосылып, ережелері Үкімет қаулысымен бекітілген. Бағдарлама операторы болып "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ белгіленді. Қаржыландырудың жалпы сомасы "Жасыл Даму" АҚ қаражатынан 100 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда "Еуразиялық Банк", "Банк Центр Кредит" және Halyk Bank азаматтардың өтінімдерін қабылдауда.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ж.Ибрашеваның айтуынша, азаматтарға ыңғайлы болу үшін төлем жасауға арналған шоттарды екінші деңгейлі банктерге ұсыну барысында автомобильдің VIN кодының болуы туралы талап алынып тасталып, күшін жойды.

Сонымен бірге, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының өкілдері КАСКО сақтандыру төңірегінде азаматтардың тарапынан өтініштер келіп түскенін атап өтті. Осылайша, тұтынушыға түсетін қаржылық жүктемені азайту мақсатында бағдарламаға қатысып жатқан банктерге жыл сайынғы (несие берудің барлық кезеңіне бір мезгілде емес) сақтандыру туралы шарт жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз тарапынан бағдарламаның ережесі мен оның іске асуы туралы қажетті базалық мәліметті даярлаған юолатын. Бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру құқығы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» мен автокөлік өндірушілер, ритейлер мен екінші деңгейлі банктерге берілген. Бүгінгі таңда аталған ұйымдар бекітілген бағдарламаның ережесіне сәйкес жұмыс істеуде.

Несиелеу келесі талаптар бойынша жүзеге асырылады: жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 4 %; несиелеу сомасы – 10 миллион теңгеден аспайды; қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес; бастапқы жарна көлемі – 0 %; көлік құралының құны – 15 миллион теңгеден аспауы тиіс.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Donnell 26 мая 2022 00:48

    Greetings from Florida! I’m bored at work, so I
    decided to browse your site on my iPhone during lunch break.
    I love the information you provide here and can’t wait to take a look when I get home.
    I’m surprised at how fast your blog loaded on my cell phone ..
    I’m not even using WIFI, just 3G. Anyways, awesome blog!


    Feel free to visit my website Santa Clara Psychiatric Helpline

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив