Egov.kz порталында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу үшін арнайы шотты автоматты түрде алу қолжетімді болды

Egov.kz порталында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу үшін арнайы шотты автоматты түрде алу қолжетімді болды

Процесті қайта қараудың арқасында жеті әлеуметтік төлем алу ыңғайлырақ әрі жеңілірек бола түсті. Электрондық үкімет порталында үш банкте арнайы шоттарды автоматты түрде ашу мүмкіндігі пайда болды (eGov.kz).

Енді eGov.kz порталында әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды және зейнетақыларды рәсімдеу үшін өтініш берген кезде 20 таңбалы шот нөмірін (IBAN) қолмен енгізудің қажеттілігі болмайды. Жүйе қолжетімді шоттарды өтініш берушінің ЖСН-і бойынша алады, бұл өз кезегінде шот нөмірін қате енгізу мүмкіндігін болдырмайды. Жәрдемақы алу үшін арнайы шотты еліміздің үш банкінде ашуға болады: Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Бұл функция ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ҚР ЕХӘҚМ) келесі әлеуметтік мемлекеттік қызметтерінде қолжетімді:

  1. Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;
  2. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
  3. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
  4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
  5. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;
  6. Көп балалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
  7. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау.

«Біздің команда eGov.kz порталында қызмет алудың сапасы мен ыңғайлылығын арттыру үшін үнемі жұмыс істейді. Бұрын жеңілдіктер мен төлемдерге өтініш бергенде шот нөмірін қолмен енгізу қажет болатын, ал пайдаланушылар шот нөмірін енгізу кезінде жиі қателесетін. Енді шотыңыз бола тұра, қажетті банкті дүрыс таңдаған жағдайда, шот автоматты түрде экранда пайда болады. Егер шотыңыз жоқ болса, онда қызметті алу кезінде ашуға болады. Жаңа функция уақытты үнемдейді және әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды өңдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді»,- деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде арнайы шот ашу үшін пайдаланушылар:

  • қажетті қызметті таңдап, толтырылуы міндетті жолдарды толтыру қажет;
  • тізімнен банкті таңдау қажет (Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк Центр Кредит» АҚ және т.б.);
  • ақша аудару үшін шотты таңдау қажет (шот банк жүйесінен автоматты түрде алынады);
  • қолжетімді әдістердің бірін пайдаланып, өтінімге қол қою және оның өңделуін күту қажет.

Арнайы банктік шот болған жағдайда, ол тізімде көрсетіледі және сұрау салу уәкілетті органының (ҚР ЕХӘҚМ) қаралуына жіберіледі. Сұраныс статусы туралы ақпаратты eGov.kz сайтындағы пайдаланушының Жеке кабинетінде қадағалауға болады.

Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті, Halyk Bank, Kaspi.kz, «Банк ЦентрКредит» АҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив