Алматылық еріктілер: Біз қаланың әр тұрғынын қолдауымыз қажет

Алматылық еріктілер: Біз қаланың әр тұрғынын қолдауымыз қажет

ТЖ режимі енгізілгенен бері еріктілер мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсете отырып, күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

«Қазіргі таңда мұқтаж жандарға көмек көрсетуде волотерлерге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге арналған бірыңғай үйлестіру орталығының жұмысы жалғасып жатыр. Еріктілер мүмкіндігі шектеулі адамдарға, тұрмысы төмен отбасылар мен жалғыз басты зейнеткерлерге қажетті азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді жеткізіп, 1414 жедел желі жұмысына белсене араласты. Бұл ретте Алматыда қалалық волонтерлер штабының жұмысы ұйымдастырылды. Қалалық штаб келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан: Абылай хан көшесі 79 және Байтұрсынов көшесі 22/1», - деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас.

Штаб базасында жедел желі телефондары іске қосылды. Лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен алматылықтарға көмек көрсетуге дайын және көмекке мұқтаж қала тұрғындары +7 (727) 279 13 29, +7 (727) 225 49 01, +7 (705) 213 00 77 телефон нөмірлеріне хабарласа алады. Штаб күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Қазір біз тек тізімдерді қалыптастырып, көмекке мұқтаж алматылықтар туралы ақпарат жинап жатырмыз. Бүгінгі таңда қаланың 500-ге жуық еріктісі тәртіпсіздік салдарын жою үшін қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын.

Бұдан бөлек, біз демеушілермен  байланыс орнатып жатырмыз. Олардың көмегімен азық-түлік себеттерін дайындап қойдық. Лаңкестікке қарсы операция аяқталған соң біз бұл себеттерді таратуға кіріспекпіз», - деді штаб үйлестірушісі Нұрсұлтан Беккайров.

HAQ қайырымдылық қорының жетекшісі Тоғжан Қожалиева бізге алматылық волонтерлердің алдында қандай міндеттердің тұрғанын айтып берді.

«Ең алдымен, біз Алматы қаласында шұғыл шешімдерді талап ететін проблемалар пулын қалыптастырдық. Жаппай тәртіпсіздіктер орын алған алғашқы үш күнінде біз қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және бізді лаңкестерден қорғайтын қызметкерлерге, су, азық-түлік, гигиена құралдарын жеткіздік.

Қазір волонтерлер зардап шеккен және қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жинауда. Кейбір адамдар жарақат алса, кейбірінің бизнесі зардап шекті. Қазір көмекке зәру адамдардың тізімі жасалуда.

Сондай-ақ, еріктілер зардап шеккен кеңселерді тазалау жұмысына  атсалысып жатыр.

Сонымен қатар, қаражат жинау ға да көңіл бөлетін боламыз. Біз бұған меценаттарды тартамыз. Олардың ішінде волонтерлік ұйымдар да аз емес», - деп атап өтті Тоғжан Қожалиева.

Еске салайық, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Birgemiz республикалық еріктілер фронт-офисі және Ұлттық еріктілер желісі бірлесіп, Волонтерлер жұмысын үйлестірудің республикалық орталығын құрған болатын. Мұнда еріктілерге көмекке мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетуде ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі.

Республиканың әр облысында жергілікті деңгейде волонтерлерді хабардар етіп, комендатурамен және әкімдіктермен коммуникация құруда көмек көрсететін үйлестірушілер жұмыс істейді.  Тәртіпсіздіктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруға волонтерлер лаңкестікке қарсы операция аяқталғаннан соң кірісетін болады.

Ел азаматтары кез келген көмек алу үшін 1414 бірыңғай колл-орталығына жүгіне алады. Еріктілердің көмегіне жүгінетін тұрғындардың қоңыраулары Волонтерлердің жұмысын үйлестірудің республикалық орталығына жолданатын болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив