«Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі!» күзгі әскери-патриоттық ойындары басталды

«Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі!» күзгі әскери-патриоттық ойындары басталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Елордамыздағы жалпы орта білім беретін мекемелерінің оқушылары - «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің үздік тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі» күзгі әскери-патриоттық ойындары бастау алды.

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Елордалық филиалы ұйымдастырған бұл ісшара Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігі, «Астана жастары» КММ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментіні қолдауымен жүргізіліп отыр. Әдеттегідей әскери бөлімдердің базасында кезектесіп жүргізілетін жарыстар бұл жолы қаламыздағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында өтуде.  

         Ісшара барысында жас өрендерге нағыз әскери өмірдің қыр-сырлары таныстырылып, патриоттық тәрбиелелуге бағытталған жарыстар ұйымдастырылуда.

Салтанатты ашылу рәсімі 5573 әскери бөлімі әскери ансамбілі концертімен жалғасты. Оқушыларға әскери қару-жарақтар мен техниканың түрлері, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігі мен орындайтын тапсырмалары, қолма-қол ұрыс пен жекпе-жек тәсілдері көрсетілді.

Жассарбаздар командалары белтемірге тартылу, автоматты бөлшектеу, химиялық қарудан қорғаныш костюмін кию, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтивтерді орындаудан жарыстарда күш сынасуда.

 «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек:

«Ісшарамыз тәрбиеленушілеріміз үшін күзгі мезгілдегі әскери қолданбалы спорттық жарыстардың ішіндегі асыға күтетін және үздік «Жас Сарбаздықтар» анықталатын ерекше платформа болып есептеледі. Жүзден жүйрік шыққан жасөспірімдер Республикалық VII «Айбын» әскери-патриоттық жиындарында Елордамыздың намысын қорғайды» - деді.

         Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы Мұрат Берекполов: «Ісшаралар сантирарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілуде. Бүгінгі жарыстағы жасөспірімдер – ертең ел тыныштығын қорғайтын азаматтар. Осы себепті әскери-патриоттық тәлім-тірбие берудің әрқашанда жастар тәрбиесінде алар орыны зор!» - деп ой түйіндеді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив