«Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» - 2021 сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.
Министр байқаудың негізгі мақсаты – талантты журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Бейсен Құранбектің есімін ел жадында өшірмеу, мұрасын сақтап қалу екендігін атап өтті. «Журналистика саласындағы барлық жігерлі жастарға Бейсен Құранбектің өмірі жастарға жігер берсін деген мақсатпен осы байқауды ұйымдастырған болатынбыз», — деді Аида Балаева.
Іс – шара «Astana Media week-2021» аясында Нұр-Сұлтанда өткізілді.
Марапаттар Бейсен Құранбектің журналистік қызметтегі принциптерін барынша толық көрсететін жұмыстардың авторларына табыс етілді.
«Жігер» байқауының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаздары:
І орын - Сәния Байтарова, «Жетісу» телеарнасының редакторы («Арнайы хабар» «Меруерттің мұңы» шығарылымы);
ІІ орын - Ерлан Мұқанов, «Ақтөбе» телеарнасының редакторы («Жігер» бағдарламасы);
ІІІ орын - Индира Бектенова, «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы («Әлемді мойындатқан Шардара» бағдарламасы).
Байқау жеңімпаздары диплом, «Жігер» естелік мүсіншесінің және қаржылай сыйақы иегерлері атанды:
I орын иегері – 1 000 000 теңге;
II орын – 500 000 теңге;
III орын үшін – 300 000 теңге.
Жеңімпаздар есімі медиасала кәсіби мамандарынан, қоғам қайраткерлері мен Бейсен Құранбектің серіктестерінен құралған қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.
Қазылар алқасының құрамында журналист, публицист Қайнар Олжай, танымал журналист Арман Сқабылұлы, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Андрей Тараков, журналист, «Қарекет» бағдарламасының продюсері Әлия Құдайберген, журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Сарыбай болды.
«Жігер» сыйлығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Медиа Дамыту қоры» Корпоративтік қорымен ынтымақтастықта өткізілді.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Georgenex 28 сентября 2021 02:45

    Pegas - Банковский пробив,ФНС и не только!Открытие ООО, ИП.
    ООО и ИП с 3-7 Банковскими счетами, кэш карты под Ваши нужды с Гарантией сохранности средств от кражи дропами.
    Также Сервис "Pegas" предлагает НАДЕЖНЫЕ дебетовые карты.
    Карты открываются на сканы или на живых дропов под Ваши нужды.
    Работаем с большими ОБЬЁМАМИ! в неделю можем открывать до 100 карт разных Банков.
    В данный момент есть много готового материала(ВТБ, АЛЬФА, HOME, ОТКРЫТИЕ, РАЙФ, МТС и тд)

    Контакты:
    Telegram: @PegasRUS https://t.me/PegasRUS


    https://darkmoney.cx/probiv-informacii-122/pegas-bankovskii-probiv-fns-i-ne-tol
    -ko-243021/


    можно ли узнать паспортные данные человека, можно ли узнать данные о человеке, пробить счет физлица, найду человека по паспортным данным, дебетовые карты купить дроп, купить ооо расчетный счет, пробив банка, поиск данных должника, купить дебетовую карту без оформления, Пробив ЛokoБaнк

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив