Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара барысында алдағы бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты әзірлеу бойынша тәсілдер ұсынылды. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осыған байланысты тиісті тапсырма бергені белгілі.
Отырысты ашқан қоғамдық кеңес төрағасы Д. Қыдырәлі кеңес қызметіндегі алғашқы жоба ел үшін және оның әрбір азаматы үшін осындай маңызды актіні дайындау болып табылатынын айтты. Ол аталған құжатты әзірлеу азаматтық қоғам мен халықты кеңінен тарту арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.
Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М. Ахметжанов бұл құжаттың оң өзгерістердің басты тапсырыс берушісі – халықтан шығуы тиіс екенін атап өтті. «Сондықтан кез келген адам тұжырымдаманы әзірлеуге тікелей қатыса алады. Бізге ел ішінен шыққан ұсыныстар өте маңызды», - деді ол.
Ведомство басшысының айтуынша, құжат жобалық басқару аясында әзірленетін болады. Ол мұндай тәсіл қойылған міндетті сапалы әрі мерзімінде орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Процестің қолайлығы, бюрократиясыз тиімді коммуникацияларды қамтамасыз ету үшін Агенттік командасы ұлттық жоба кеңсесінде орналасады. Біздің қызметкерлер әрқашан осы жерде қол жетімді болады. Өздеріңіз келіп, басқа сарапшыларды шақыра аласыздар. Немесе өз ұсыныстарыңызды онлайн жолдауларыңызға болады», - деп түйіндеді М. Ахметжанов.
Отырыста сондай-ақ азаматтардан тілек жинау үшін арнайы сайттың эскизі (www.adal.com.kz) таныстырылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив