POS-терминалдарды қолдану

POS-терминалдарды қолдану

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы орындарды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысымен салық төлеушілер РОЅ-терминалдарды қолдануға міндетті 14 Қызмет түрінің тізбесі бекітілді:

автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

көтерме және бөлшек сауда;

қонақ үйлердің қызметтер көрсетуі;

мейрамхана қызметтерін ұсыну, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері және сусындар беру;

әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату;

жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау және сақтау жөнінде қызметтер көрсету, тасымалдау жөніндегі қосалқы қызметтер және жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету;

туризм саласында қызметтер көрсететін);

сақтандыру;

денсаулық сақтау,

білім беру саласындағы қызмет;

кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету;

фитнес, спорт клубтарының, дискотекалардың қызметі;

құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу жөніндегі қызмет;

боулинг (кегельбан) және бильярд жөніндегі қызметтер.

Мұндай жабдық қызмет көрсететін банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шарт негізінде орнатылады. Осы жабдықты мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу жүргізілмейді.

Салық кодексінің 142-бабының 14-тармағына сәйкес салық органдарына төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселесі бойынша салықтық тексерулер жүргізу міндеті жүктелген.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 195-бабына сәйкес дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмағаны үшін ескерту жасауға әкеп соғатыны көзделген. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап тартылған жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив