Тіл тағдыры –ел тағдыры

Тіл тағдыры –ел тағдыры

20 қыркүйек 2019 жылы Нұр –Сұлтан қалалалық сотының төрағасының бастамашалығымен «Мемлекеттік тілде іс жүргізуді сот тәжірибесінде қолданудың мәселелері» атты конференция болып өтті. Аталған конференция жүрегі қазақ деп соғатын алаштың әр баласын тебірентетіндей дәрежеде өтті десек артық айтқандық болмас.
Сол жиынның нәтижесі меніңде қолыма қалам алғыздырып отыр. «Бітер істің қасына жақсы келер басына» деген халық даналығы қалып айтпаса керек, осы бастаманың өзі көнені жаңғырту- тілді құрметтеу. Ел Президенті Қ.Тоқаев  қазақ тілін әлемдік тілдер қатарына дейін деңгейін көтеруге көңіл бөліп отыр.  
Тіл тағдыры қызыл саясат болғанмен, «тіл тағдыры ел тағдыры» Ахмет Байтұрсыновтың өзі «Қазақ» газетінің ашып оны өркендеткенінің, оған тер төгуінің өзінде қазақ тілінде сот ісін жүргізу орыстың отарлау саясатына төтеп беріп тілді сақтап қалу болғаны көзі ашық көкірегі ояу адамға айтпаса да, көне тарих қойнауынан менмендеп жатқаны ақиқат.  
Тіл бабадан балаға аманат болып келе жатқан - асыл қазына. Соның ішінде қазақ тілі ең бай тілдердің бірі.  Үш күнде бір тіл жер бетінен жойылатын болса оған қазақ тілін бере салу  бабалар еңбегін тек еткеніміз болар, бізді бабалар да ұрпақта ол үшін кешіре алмас. Қазақ тілінде сот ісін жүргізуді қалай өркендетуге болатындығы туралы келесідей бір пікірімді қалың оқырманға жеткізе отырып, заң шығарушы органның құлағына алтын сырға дегім дегім келеді.  
Қазақ тіліне қойылатын талап болғанмен игеру мен қолдану қалыс екені көңіл қынжылтады. Ол тығырықтан шығып, тілді қалай әлемдік деңгейге жеткізе аламыз, соның ішінде сот ісін қалай қазақша сөйлете аламыз деген ой көптен мазалап жүрген. «Сабақты ине сәтімен»- дегендей бүгін міне реті келгендей.
Біріншіден, сот ісін жүргізу тілі бір тілге көшу керек. Ол жөнінде бізде заңның бәрі күшінде тұр.
Қазақ тілінде талап арыз берген тұлға 30 пайыз мемлекеттік баждан босатылу керек, ал орыс немесе өзге тілде бергендер 100 пайыз мемлекеттік баж төлеу керек. Сонда арыз беруші өзі үшін қазақ тілінде жазып қазақша білетін заңды өкілді алады. Ірі компанияларда қазақша оқыған заңгерді жұмысқа қабылдауға мәжбүр болады. Ал 100 пайыз мемлекеттік баж салығын төлеген тұлғаның 30 пайыз салығы соттағы аудармашы еңбегіне жұмсалып, іс қазақ тілінде жүруге талап болу керек. Осы талап сеңі сейілмеген бизнесті де, қазір қазақ тіліне миығымен қарап отырған кейбір мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың да тілге деген құрметін арттырады. Жыл өте экономика орныға бастағанда елу пайызға кейін жүз пайызға тіл орныққанша келтірсе біздің тілді құрметтемейтін адам қалмайды, себебі тірлігіне керек, сотсыз қазір ешкімнің шаруасы бітпейтіні анық.  
Екіншіден, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша да қазақ тіліне сондай талап қолданылып, сот ісін жүргізу тілін өзгерту алынып, аудармашы тартылып, оның еңбегі кінәліден өндірілу қажет. Ал кінәлі ол қазақ тілін  білсе аудармашы шығыннан босатылуға жату керек.
Үшіншіден, жоғарғы оқу орындардында, мектепте қазақ тіліне аса көңіл бөліп, жоғарғы оқу орындардында қазақша талап арыз, арыз дайындайтын студенттер үйірмесін ашып, жеңілдікпен тұлғаларға, ал   мүгедектер мен зейнеткерлерге, нысаналы топтарға тегін арыздар дайындап беру тетіктерін жасау қажет.
Төртіншіден, аудармашыларды дайындау курстары мен жоғарғы оқу орындарына оларға гранттарды көбірек бөлу керек.
Осы талаптарға сай болу үшін сот және құқық қорғау органдарымен жоғарғы оқу орындары арасында үнемі байланыс болып оларды талапқа сай болуын қадағалау керек. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» сондықтан әр нәрсе өз кезеңінде жасалу керек. Ахмет Байтұрсынов қазақты қырғыз деп танып жатыр деп намысты қамшылап,  шырылдап жүріп қазақ тілін сақтап қалды, қазір бізге не кедергі өзіміздің орыс тілді қазақтарымыздың ықпалы ма? Олардың орыс тілінде сөйлеуіне қоғамды кінәлаймыз, бірақ отанға деген жүректері қазақ деп соғатынын естен шығармау керек, ниет кеткен адам қай тілді де үйрене алатыны ғылыми дәлелденген құбылыс.     
 Отыз жылда тіл үйренуге берілген «ұзын арқан кең тұсаудың» «судың да сұрауы бар» дегендей бір шегіне жететін уақыты келген болар ағайын.    
     
Атчибаева Э.С.
Нұр –Сұлтан қаласы Байқоңыр
ауданының №2 аудандық
сотының судьясы
                                                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    ElmerLuh 15 декабря 2020 06:05

    Посмотрите какие тут прекрасные шарики продаются

    ----


    гелиевые шарики цена москва

    ----

    Смотрите тут про офисы

    ----


    снять офис в бизнес центре

    ----

    купить семена можно здесь

    ----


    купить семена огурцов по почте

    ----

    Глянь сайт тут, я вот нашел урл

    ----


    промокод винлайн при регистрации

    ----

    Здесь то что надо

    ----


    смотреть индийские сериалы онлайн


    ----

    Смотрите здесь

    ----


    аренда склада новопеределкино

    ----

    Вот сайт вам

    ----

    аренда склада дмитровское шоссе

    ----

    Глянь тут

    ----


    снять склад лобня
    -

    березовец

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив