Жаңа технология жетістікке жетелейді

Жаңа технология жетістікке жетелейді

Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік органдар құжат айналымын электрондық форматта жүргізеді. Тұрғындар сотқа жүгінген кезде өтініштері мен талап қою арыздарын компьютерді пайдалана отырып, «Сот кабинеті» сервисі», «Е-өтініш» қызмет көрсету жүйелерімен жүгіне алады. Бұл сервистердің негізгі ерекшелігі әрбір тұрғын немесе оның өкілі кез келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйінен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алады.

Қазіргі таңда Жаңақала аудандық сотына жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін талап қою арыздары 100 пайызға элекронды форматта түсуде. Ол соттың да сотқа жүгінген тұрғынның да байланысын азайтып, карантиндік режимдерде денсаулығына қолайлы жағдай туғызады.

Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ең алдымен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні соттардың күнделікті іс жүргізу жұмыстары «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл ақпараттық жүйемен атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттар нұсқасында атқару парақтарын орындауға жолдау және сот орындаушыларының қаулыларын соттардың электронды түрде санкциялау жолға қойылған.

Мәселен, Жаңақала аудандық сотында сот залдары істердің дыбыс-бейнежазба құрылғысымен 100 пайыз қамтылған. Бұл өз кезегінде сот саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың басты жолы, сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығын міндетті түрде қамтамасыз етеді.

Н.Жакупова, Жаңақала аудандық сотының жетекші маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив