Елордалық сотта аудандық сот мамандары арасында  құқықтық турнир өтті

Елордалық сотта аудандық сот мамандары арасында құқықтық турнир өтті

Мамандардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында елордалық сотта құқықтық турнир өткізілді.

Іс - шара кәсіби мереке – судьялар мен сот қызметкерлері күніне арналды.

Турнирге 3 команда қатысты. Олардың құрамына аудандық соттардың мамандары  кірді.

«Азаматтық юрисдикция соттары» командасының атынан Алматы, Есіл, Сарыарқа және Байқоңыр аудандық соттарының мамандары қатысты.

Екінші команда «Қылмыстық юрисдикция соттары» қылмыстық істерді қарайтын аудандық соттардың мамандарынан құралды.

Үшінші команда мамандандырылған соттардың атынан жарысқа түсті.

Мамандар арасындағы жарыс үш кезеңнен тұрды. Командалар азаматтық, қылмыстық және әкімшілік заңнама нормаларын қолдану бойынша өз білімдерін көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының оқу бағдарламаларының үйлестірушілері Ш.Ерғалиева, М.Қасымова, Сот төрелігі академиясының вице-ректоры К.Мусин және отставкадағы судьялар     Н.Пазылов пен А.Жаманова қатысқан қазылар құрамы турнир жеңімпазын анықтады.

Құрметті бірінші орынды «Азаматтық юрисдикция соттары» командасы иеленді.

 «Үздік капитан» атағына «Тура би» командасының капитаны Олжас Әбдекерім ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив