Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 4-тарауы. СОТ

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 4-тарауы. СОТ

Қазақстан Республикасында сот билігін тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.

       Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 4-тарауы сот туралы болып келеді.  Ол бойынша әкімшілік істерді бірінші сатыдағы сотта соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды және шешеді. Ал апелляциялық сатыдағы сотта судьялардың тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды, олардың бірі төрағалық етуші болып табылады. Судья соттар шығарған ұйғарымдарға жекеше шағымдарды жеке-дара қарайды. Әкімшілік істерді кассациялық сатыдағы сотта сот алқасы төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайтын болса, кассациялық сатыдағы сот қаулыларын қайта қарау жөніндегі әкімшілік істерді қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ сандағы (кемінде жеті судья) алқалы құрамы жүргізеді.

Осы кодекстің 25-бабы соттың алқалы құрамының мәселелерді шешу тәртібі мен ерекше пікірге арналған. Оған сәйкес  әкімшілік істерді соттың алқалы құрамымен қарау және шешу кезінде барлық судьялар бірдей құқықтарды пайдаланады. Әкімшілік істі соттың алқалы құрамымен қарау және шешу кезінде туындайтын барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Судьялардың ешқайсысы да дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Төрағалық етуші ең соңында дауыс береді. Сот актісін қабылдау үшін дауыс берген судьялардың көпшілігінің пікірімен келіспейтін немесе қабылданған сот актісі үшін дауыс берген, бірақ қабылданған сот актісінің қандай да бір басқа мәселесі бойынша немесе уәждемесі бойынша дауыс берген кезде азшылықта қалған судья сот актісіне қол қоюға міндетті және өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 7-тарауы сот жайында айтылған, яғни Қазақстан Республикасында сот төрелігін сот қана жүзеге асырады.

Ақмола гарнизоны әскери сотының Бас маманы, сот отырысының хатшысы

С.Аманбек

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив