ЕЛОРДАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ТУРАЛЫ ЕСКЕ САЛДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ТУРАЛЫ ЕСКЕ САЛДЫ

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға қандай көтермелеу көзделгені туралы айтып берді.

Эфир барысында Бақытжан Ниязов ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де тәсілмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленетінін атап өтті.

Осылайша, азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді.

Егер пара сомасы 1000 АЕК – ке дейін құраса, онда көтермелеу қылмыс санатына байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы Әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК, онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК, орташа ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК, ауыр қылмыстар бойынша – 70 АЕК, ауыр-100 АЕК).

Егер пара немесе залал сомасы 1000 АЕК-тен жоғары болса, онда көтермелеу осы соманың 10% - ын құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды.

Мәселен, өткен жылы елордалық Департаменке сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған біршнеше азаматқа сияқы төленді – деді Бақытжан Ниязов.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментпен сотқа бірнеше қылмыстық іс жолданды, олар бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтардың өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы мәселе сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатын болады.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болатындығын да атап өткен жөн.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне немесе 1424 бірыңғай Call-орталығына хабарлай алады.

Тікелей эфир сілтеме:

https://fb.watch/3-cLAx_c1p/

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив