Жаңақорғанда пробациялық бақылау белгіленген азаматтар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Жаңақорғанда пробациялық бақылау белгіленген азаматтар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Жаңақорған аудандық прокуратурасы, Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жаңақорған аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып «Нашақорлыққа жол жоқ» және «Бәрің де жарысқа» ұранымен үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Аталмыш шараға пробация қызметінің есебінде тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған 25-ке жуық азамат қатысты. Сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтына баулуды мақсат еткен жарыс Жаңақорған кентіндегі Дене шынықтыру – сауықтыру спорт кешенінде өткізілді.

Жарыс өте тартысты әрі қызық өтті. Әр қатысушы өзінің жеңімпаз атануға лайықты екендіктерін көрсетті.

Алайда «жарыс болғаннан кейін, жеңімпаз болады» демекші үздік ойын өрнегін көрсеткендер қатары анықталып, олар Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарысқа қатысушылар ойыннан жақсы әсер алғандарын, бойлары бір сергіп қалғандарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив